Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    2024 жылғы 14 наурызда Кентау трансформатор зауытына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысының сапары Қазақстанның өнеркәсіптік және энергетикалық секторларының неғұрлым кең контекстінде Кентау трансформатори зауытының стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Премьер-министр өндірістік қуаттылықты кеңейту және кәсіпорынды жаңғырту жөніндегі іске асырылған іс-шараларды бағалады. Кентау ортасында орналасқан, біздің трансформатор зауыты - Түркістан облысындағы өнеркәсіптік жаңашылдықтың шамшырағы болып табылады. Премьер-министрдің сапары барысында «Alageum Electric» Компаниялар тобының Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов Олжас Бектеновке кәсіпорынның даму қадамдары және өндірістік мүмкіндіктерді арттыру жөніндегі…
    Елiмiзде Республикалық «арқан тартыс» ұлттық спорт түрі федерациясы жұмысын бастады. Арқан тартыс - әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі. Аталған спорт биыл елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген. Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машина жасау қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі, «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президентi Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы…
    «Alageum Electric» Компаниялар Тобына кіретін «Орал трансформатор зауыты» ЖШС  «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығымен марапатталды. Беделді марапатқа Орал трансформатор зауыты жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары саласындағы елеулі жетістіктердің арқасында ие болды. «Alageum Electric» компаниялар тобының ең батысында орналасқан кәсіпорны - Орал трансформатор зауыты - жылына 12 000-нан астам трансформатор шығарады және өндірілген жабдықтың 95% шет елдерге экспорттайды. 2019 жылы Орал трансформатор зауытына отандық өнімнің сапасы мен жұмысының жоғары нәтижелерін дәлелдейтін «Алтын сапа» сыйлығы табысталды.…
    Достар, «Alageum Electric» кәсіпқойлар командасының қоржынына тағы бір құрметті марапат қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз.  ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бұйрығына сәйкес «Құрмет» орденімен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов марапатталды. Бауыржан Амангелдіұлы еңбек жолын 2001 жылы КТЗ дәнекерлеу-дайындау цехының инженер-технологы қызметінен бастады. Жұмысының алғашқы күндерінен бастап оның жоғары өндірістік көрсеткіштерге деген ұмтылысы, бастамашылдығы және күрделі техникалық мәселелерді шешу қабілеті байқалды. Таңдалған іске адалдық пен көрнекті кәсіби қасиеттер арқасында 21 жыл ішінде Қазақстандағы ең ірі КТЗ трансформатор зауытының басшысына дейін өсті. …
    «Alageum Electric» қазақстандық өнеркәсіптік холдингі «Адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша салалық наградамен марапатталды. Бұл құрмет наградасын Астанада «Alageum Sales» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Абдрахмановқа Премьер-министрі Әлихан Смайылов жаһандық инвестициялар жөніндегі VI қазақстандық дөңгелек үстел аясында табыс етті. Үздік инвесторларды марапаттау денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа экономика салаларында 10 номинация бойынша өтті. «Alageum Electric»-тің адами капиталды дамытуға қосқан үлесі тек экономикалық аспектілермен ғана шектеліп қоймай, әлеуметтік және білім беру салаларын да қамтиды. «Alageum…
    Страница 1 из 39

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»