Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік күнінің қарсаңында дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаз-лауреаттарын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттарын, сондай-ақ «ALTYN OIMAQ», «Бизнес Кемелділік», «ІСКЕР», «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Алтын Сапа» сыйлығын «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Палата мамандары тәуелсіз сарапшылармен бірге екі жүзге жуық үміткер арасынан үш санатта (шағын, орта және ірі бизнес) және 4 номинацияда 14 лауреатты анықтады. Төртінші «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ (Алматы…