Call-center
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    公司新闻

    星期四, 20 3月 2014 13:45

    Құрметті достар!

    Құрметті достар!

    Құрметті достар!

    Барлығыңызды көктемнің жарқын мерекесі, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз ежелден жыл басына санаған, Ұлыстың ұлы күніне балаған Наурыз мейрамы - шын мәнінде елдік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі. Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағаты Наурызбен бірге тіршілікке шаттық сыйлайды. Қыстың қаһары қайтып, жер-жаһан қайта түлейді. Дүние жаңарып, құлпырады.Сол жаңарған дүниемен қоса Сіздерді де рухани жаңаруларыңызды тілеймін. Табиғат заңдылығымен жыл басы болып, жақсылықтың жаршысына айналған Наурыз мейрамы адамзат тарихымен бірге жасап келеді. Сондықтан Наурыз - адамды ұлты мен нәсіліне, тілі мен дініне бөлмейтін жалпы халықтық ізгі мереке. Осы сәтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, атқарып отырған жұмыстарыңызға мол табыс тілеймін! Жүректеріңіз қуаныш пен жылылыққа толсын!

    Ұлыс оң болып, ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

    Ізгі ниетпен Орал трансформатор зауытының директоры М.М Бурылбаев

    Поделиться новостью
    Read 5644 times

    反馈意见

    +7 (7172) 276 452 (-53,-54,-55)
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». 保留所有权利. | 创建网站开发网络工作室«Arctika»