Единый Call-centre отдела продаж:
+7 771 005 22 22
sales@alageum.com

Новости нашей компании

Суббота, 19 мая 2018 09:40

Ақтөбеде мерт болған 52 өзбекстандықтың рухына 52 жеміс ағашы отырғызылды

Ақтөбеде мерт болған 52 өзбекстандықтың рухына 52 жеміс ағашы отырғызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Елшілігі мен астаналық «Алтын Орда» бизнес-клубы Ақтөбе апатында мерт болған 52 өзбекстандықтың рухына бағыштап, 52 жеміс ағашын отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара аясында елорданың жаңа «Ботаникалық бағына» 42 алма және 10 шетен ағаштары отырғызылды. «Өзбекстан - еліміздің Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптесі. Биылдан бастап, бауырлас Өзбекстанмен серіктестігіміздің, қарым-қатынасымызды нығайтып жатырмыз. 52 адамның өмірін жалмаған қайғылы апатқа бей-жай қарай алмаймыз және өзбек халқының қайғысына ортақтасуды парыз деп санаймыз.

Акцияның Рамазан айында ұйымдастырылуы тегін емес, әрі идея негізінде ежелгі мұсылман дәстүрі - жария - садақа жатыр. Күзгі уақытта піскен жемістерді халық жинап алады, сауабы Ақтөбеде мерт болған өзбекстандық жолаушыларға беріледі деп үміттенеміз», - деп атап өтті «Алтын Орда» бизнес-клубының төрағасы Мархаббат Балғабай. Оның айтуынша, Астана климатына тез жерсінуі үшін көшеттер Солтүстік Қазақстан облысының тәлімбағынан алынған. Өз кезегінде Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязқоджаев оқыс апатта барынша қолдау білдірген Қазақстан халқына алғыс білдірді.

«Қайғылы оқиға болған күні Қазақстанның үкіметі және тұтас халқы жұмыла көмектескен болатын. Қазақстандағы тиісті органдар барлық қажетті шараларды жасады. Бүгін отырызылған жеміс ағаштары да екі ел арасындағы достықтың асыл көрінісі. Бұл игі шара туралы қаза тапқан өзбекстандықтардың отбасына міндетті түрде жеткіземіз, айтамыз», - деді Елші.

Сонымен бірге, Өзбекстан елшісі көршілес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын баса айтты. «Біздің елімізге жаңа басшының тағайындалуымен стратегиялық қарым-қатынасымыздың да жаңа парағы ашылды. Биылғы жыл ресми түрде Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияланды, ал 2019 жыл - Өзбекстандағы Қазақстан жылы болмақ. Оған қызу дайындықтар басталып та кетті. Қос мемлекет арасында жоспарланған бірқатар шаралар атқарылды. Келесі аптада халықаралық форум мен іскерлік кеңеске қатысамыз. Екі ел арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп келеді. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың белгісі ретінде бүгінгі рәсімді айтуға болады», - деп өз сөзін түйіндеді С. Ниязқожаев. Ағаш отырғызу рәсіміне астаналық кәсіпкерлер, инвесторлар және қоғам қайраткерлері де белсене қатысты. «Ақтөбеде қаза тапқан өзбекстандықтардың отбасына қайғырып, көңіл айтамыз. Бүгінгі ағаш отырғызу рәсіміне балаларымызды ала келдік. Себебі, оларға жақсы амалдарды үйретіп, үлгі көрсеткіміз келеді. Біздің клуб («Алтын Орда» бизнес-клубы - ред.) қоғамда болып жатқан оқиғаларға үнемі өз үндеуін білдіреді. Мемлекеттік құрылым мен бизнес-қауымдастық арасында байланыс орнатуға тырысады.

«Қайырымдылық жұмыстарын да еш ұмытқан емеспіз. Көмекке мұқтаж жандарға барынша көмектесеміз. Өзге қалалар да бұл тәжірибені қолданып, өзекті мәселелерге назар аударғаны жөн», - дейді «Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов. Еске сала кетсек, биылғы қаңтар айында «Самара-Шымкент» автожолында автобус өртеніп, 52 адам тірідей жанып кеткен болатын. Тірі қалған үш жүргізуші мен екі жолаушы санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Олардан оқиғаның мән-жайына қатысты жауап алынды. Кейін автобус жүргізушілері күдікке ілініп, ем-домдары аяқталған соң екі айға, яғни 24 наурызға дейін қамауға алынды. Кейінірек, Ақтөбенің №2 қалалық соты санкция уақытын тағы бір айға ұзартты.

Ақтөбе облыстық ІІД-нің мәліметіне сүйенсек, үш жүргізушіге айып тағылғанымен, автобус иесінен де жауап алынып жатыр. Жүргізушілер Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сот алдында жауап беретін болады.

Поделиться новостью
Просмотров: 4376

Контакты

+7 (771) 005 22 22
© 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Все права защищены. | Разработка сайта веб-студия «Arctika»