Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Компанияның жетістіктері

    dostizheniya

    Біздің жетістіктер жоғары наградалар мен титулдерге ие. Бірінші наградалардың бірі 2005 жылы біздің құрылымдық кәсіпорын «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ-на берілді – «Халық тұтынатын тауарлар» номинациясындағы «Оңтүстік-Қазақстан облысының үздік тауарлары» конкурсында 1-ші орын

    2007 жылы «Кентау трансформаторлық зауыты» «Өндірістік тағайындалған үздік тауарлар» номинациясындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» Сыйақысының Оңтүстік Қазақстан конкурсында ІІІ орын алды.  2008 жылы –  «Өндірістік тағайындалған үздік тауарлар» номинациясында I орын. 

    2011 жылы «Эксперт-РА-Казахстан» агенттігі машина жасау секторында оны ең динамикалық компания деп атап үздіктер тізіміне «Alageum Electric» қосты.

    Бұдан басқа, «Alageum Electric» ҚР БҒМ-нен «Техникалық және кәсіби білім берудің үздік бизнес-серіктестігі», ҚР ИЖТМ-тен «Үздік экспорттаушы» және «ҚазМұнайГаз» Кенді Барлау» АҚ-нан «Үздік жеткізуші» атақтарының иеленушісі болып табылады.

    2013 жылдың наурызында «Alageum Group» холдинг компаниясының құрамына кіретін «Alageum Group» АҚ директорлар кеңесінің өкілі Еркебұлан Ильясов «Эрнст энд Янг» компаниясымен жүргізілетін Қазақстандағы «Жыл кәсіпкерлігі» халықаралық конкурс финалының қатысушысы болды. Сонымен бірге, ол осы беделді конкурс аясында ұсынылған «Халықаралық сауда белгісін құруға жолдар» номинациясын жеңді.

    2013 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосқаны үшін «Alageum Group» ХК қадағалау кеңесінің өкілі Сайдулла Кожабаев «Парасат» мемлекеттік награда-орденімен марапатталды.

    Ұлттық чемпион. Alageum Electric холдинг компаниясы Қазақстан Республикасының 32 компанияларының ішінде «Бәсекеге қабілеттілік үздіктері – ұлттық чемпиондар» тізіміне кірді.

    2012 жылдың 25 желтоқсанында Кентау трансформаторлық зауытына ірі кәсіпкерлік саласында «Өндірістік тағайындалған үздік кәсіпорын»- Қазақстан Республикасы Президентінің «АЛТЫН САПА» сыйақысына ие болды.

    2016 жылдың 6 желтоқсанында «Кентау трансформаторлық зауыты» «Ұлы дала елі» шатырлы бренд атынан шығу үшін құрметке ие болған тарихта бірінші болды, сонымен бірге «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік бизнесі жөніндегі конкурс лауреаты болды.

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»