Электр машина жасау секторында «Alageum Electric» холдингі бірнеше өндірістік алаңшалары ұсынылған: «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ, «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС.
«Alageum Electric» өндірістік кешен флагманы-заң бойынша электр машина жасау саласында қазақстандық көшбасшы және трансформатор құрылғысының жетекші өндірушісі болып табылатын «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ. 1959 жылы құрылған, ол кеңес одағының азғантай зауытынан қазақстан энергетикасын дамытуға негізгі рөл атқарған кәсіпорынға дейінгі жолдан өтті. Бүгінгі күнде зауыт Орталық Азияның электр машина жасау саласының ірі ойыншылар санына кірді. «Alageum Group» құрамына кіргеннен бастап зауыт екінші тыныс алды, жоғары пайдалы өндіріс болды және өз табысын шамамен 100 рет көбейтті.
Бүгін кәсіпорын қуаттылығы 63 000 кВА дейін 10, 35, 110 кВ күшті май және құрғақ трансформаторларды, түрлі орындау шағын станцияларын (ОРУ, КРУ, ЗРУ, ОПУ 35, 110 кВ), төмен кернеулі және жоғары кернеулі жәшіктерді және электртехникалық құрылғының басқа да қажеттіліктерін өндіреді. Электр техникалық бұйымдарды, тауарларды және құрылғыларды экспорттауға бейімделген «КТЗ» АҚ шығарылатын номенклатура бүгінгі күнде 300 атауға жоғарлады.
«Кентауский трансформаторный завод» маркалы өнімі жарты ғасырдан астам қазақстандық және шетел нарықтарына шығады. «КТЗ» трансформаторлары аз габаритті, бәсекелестікке қабілетті, экологиялық және пайдалануға сенімді.
Зауытпен шығарылатын барлық құрылғылар сапа және қауіпсіздік туралы халықаралық стандарттарға жауап береді. Бүкіл өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартымен, Ресей Федерациясының №РОСС KZ.МЕ22 мемлекеттік жүйені сертификаттаумен сертификатталған. Сапаны басқару жүйесі ISO 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес келеді.
«Алматы электр механикалық зауыты» («АЭМЗ») 1959 жылы құрылды. 1999 жылы кәсіпорын «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС статусын алды және «Alageum Electric» холдинг компаниясының құрамына кірді. Бүгінгі күнде «АЭМЗ» Қазақстан Республикасында электртехникалық құрылғы жасау жөніндегі жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Зауыт жоғары кернеулі, төмен кернеулі және стандартты емес электртехникалық құрылғыларының кең спектрін шығарады. Зауыт өнімі жаңа технологияларды қолдану негізінде әзірленеді және цифрлық бағдарламалық жасақтамасымен бірге құрылғы дайындалады. «АЭМЗ» жиынтықты трансформатор шағын станцияларын, жинақтық тарату құрылғыларын, бір жақты сериялық камералар, ЩО-70, ЩО-90 панелдерін, әртүрлі типті және орындалатын күшті тарату шкафтарын, жәшіктерін, жарықтандыру қалқандарын және басқа да электр техникалық өнімін дайындайды.
Зауытпен шығарылатын барлық өнімдер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартында сертификатталған. ISO 9001:2000 сапаны басқару жүйесі 2004 жылы енгізілді және КЕМА (Голландия) сертификаттау жөніндегі халықаралық органымен сертификатталды. Зауыт Қазақстан Республикасының отандық тауар өндірушілер Тізіліміне енгізілді. Өнімнің негізгі түрлерінде СТ KZ нысан тауарларын өткізу сертификаты бар.