Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Alageum Electric Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағалары құрамына кірді. Іскерлік кеңес Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік ортаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін бизнес өкілдері мен салалық сарапшыларды біріктіреді. Іскерлік кеңес аясындағы жұмыс барысында Еркебұлан Ильясов отандық өндірісті дамытуға, жергіліктендіру деңгейін арттыруға және қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударады. Басым бағыттардың қатарында ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар тәжірибесін кеңейту, ірі жобалардағы елішілік құндылық үлесін арттыру және экспорттық қаржыландыру құралдарын дамыту бар. Сонымен қатар отандық өндірушілердің…
    Бұл туралы Alageum Electric компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясов хабарлады. Қаражат «Ұлттық рух» қорына аударылып, Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге бағытталады.Бастама «Әділет» партиясы мүшелері мен партияның Іскерлік кеңесі ұйымдастырған қаражат жинау аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жарияланған көмектің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды. Alageum Electric қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз.
    Alageum Electric компаниялар тобы мемлекеттік тілді қолдау мақсатында Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге көлемінде жарна аударды. Компания 2024 жылы алғашқылардың бірі болып эндаумент қорына дәл осындай сомада қаражат бөлген болатын. Осылайша, Alageum Electric компаниясының мемлекеттік тілді дамытуға бағыттаған жалпы салымы 200 миллион теңгені құрады. Бұл қадам – мемлекеттік тілге деген құрметтің ғана емес, сонымен бірге Qazaq Tili Endowment қорының ашық әрі тиімді жұмысына, оның ұзақмерзімді даму моделіне деген сенімнің көрінісі. Атап айтсақ, Qazaq Tili Endowment қорына…
    Астанада өткен «Әділет» партиясының II Съезі аясында Alageum Electric компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдолла Қожабаев сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол мемлекет, бизнес және қоғамның күш-жігерін әділдік, жасампаз еңбек және ел болашағына жауапкершілік сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Әділдік, патриотизм, заңдылық, адал еңбек, жауапкершілік және тең мүмкіндіктер қағидаттарына негізделген «Әділет» партиясы бүгінде азаматтарды Әділетті Қазақстан құру идеясы төңірегіне топтастырып отыр. Бұл құндылықтар тұрақты экономикалық дамуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделі бизнес қауымдастық тарапынан…
    5 маусымда бүкіл әлемде Қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен экологиялық жауапты технологияларды енгізудің маңыздылығын еске салады. Тұрақты дамуға өз үлесін Alageum Electric компаниялар тобы да қосуда. Кентау трансформатор зауытының инженерлері «Alageum Engineering» ҒТO мамандарымен бірлесіп, Қазақстанда алғаш рет еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жаңа буындағы EcoDesign 2 энергия үнемдейтін трансформаторларын өндіруді игеруде. EcoDesign 2 трансформаторлары жылу алмасудың жақсартылған жүйесімен, шу деңгейінің төмендігімен және бос жүріс пен қысқа тұйықталу кезіндегі шығындардың азайтылуымен ерекшеленеді. Бұл…
    Страница 1 из 45

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2026 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»