Сайдулла Ілиясұлы 1959 жылы 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген..
• 1966-1976 жж. - Түркістан қаласындағы орта мектепті бітірді;
• 1976-1977 жж. - «Локомотивтік депо»-да токарь қызметінде жұмыс істеді;
• 1977-1979 жж. – Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті (Владивосток қ.);
• 1979-1983 жж. - Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемөнер мектебін тәмамдады;
• 1983-1991 жж. - Кентау қаласындағы «Комбинат Ачполиметалл» ААҚ-да жұмыс істеді, шеберден бастап цех бастығына дейін көтерілген;
• 1991-1997 жж. - Шымкент қаласындағы «Асбоцемент комбинаты» ААҚ-да цех бастығы;
• 1997-1999 жж. – «Кентау трансформаторлық зауыты» ААҚ бас директоры болып тағайындалды;
• 1999-2007 жж. – «Казтрансформатор» ЖШС-нің бас директоры (Алматы қ.);
• 2007 – қазіргі уақытқа дейін – «Alageum Electric» компаниялар тобын басқарып отыр, Бақылау кеңесінің төрағасы.
Бес ұл тәрбиелеп отыр.
2005 ж. Қазақстан Президентінің «Кентау трансформатор зауыты» АҚ сапары кезінде Сайдулла Қожабаев «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.
2009 ж. – «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» төсбелгісімен марапатталған.
2013 ж. - ҚР Тәуелсіздік күніне орай «ПАРАСАТ» орденімен марапатталды.
2019 ж. - ҚР Тәуелсіздік күніне орай «ОТАН» орденімен марапатталды.