Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми Бас демеушісі болып танылды.
Шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысы Наиль Нұров пен «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов қатысты.
«Біздің компания әрқашан еліміздің мәдени және спорттық дәстүрін қолдауға және дамытуға ұмтылады. 2023 жылдан бастап біз Жамбы ату мен арқан тартысты дамытуды қолдау бойынша жұмысты бастадық. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі мәртебесі - бұл біздің ағымдағы жұмысымыздың жалғасы деп санауға болады. Біз халықаралық аренада дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға өз үлесімізді қоса алуымызды мақтан тұтамыз», - деді «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шарада 89 елден 2000-нан астам қатысушы болады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.