Көптеген аудандар мен қазақстандықтардың тұрмысына елеулі әсер еткен күрделі жағдайына байланысты «Alageum Electric» Компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде қосымша 1 миллиард теңге аудару туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді еліміздің өңірлеріне қолдау көрсету мақсатында компания негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев және Топтың Директорлар кеңесі қабылдады.
Әлеуметтік жауапты компания ретінде «Alageum Electric» қиын кезеңдерде отандастарымызға қолдау көрсетуді аса маңызды деп санайды. Бұған дейін «Alageum Electric» кәсіпорындары Петропавл қаласын электрмен жабдықтауды толыққанды қалпына келтіру үшін ПЭТЗ зауытының жаңа трансформаторларды қоса алғанда, ауқымды су тасқынынан зардап шеккен басқа да өңірлерге көмекке жалпы сомасы 102 миллион теңге бөлген болатын. Сондай-ақ техникасымен және қызметкерлердің еріктілік көмегімен барлық қолдау көрсетілді.
Сомасы 1 миллиард теңге қосымша көмек Батыс Қазақстан облысындағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге, үйлер салуға және азаматтарға өзге де көмек көрсетуге жұмсалады.
«Көптеген отандастарымыз баспанасыз қалған кезеңде бей-жай қалуға болмайды. Қазір Батыс Қазақстан облысы қиын жағдайда, онда біздің 342 қызметкеріміз отбасыларымен де тұрады, жалпы санағанда 600 ден астам адам. Біз аудандарды қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.
Компания туралы:
«Alageum Electric» Компаниялар тобы - Қазақстанның электр машина жасау саласындағы көшбасшысы. Топ электротехникалық салада, электр машина жасау мен құрылыста табысты жұмыс істейтін 14-тен астам ірі кәсіпорындарды біріктіреді, олардың ішінде Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты, «Электромонтаж» АҚ және т. б. Компанияның өнімдері отандық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді, ішкі нарықта сатылады және ТМД елдерге экспортталады.
«Alageum Electric» электротехникалық холдингінде 4500 астам адам еңбек етеді. «Alageum Electric» Тобы бар өңірлердегі ірі салық төлеуші және жұмыс беруші бола отырып, жергілікті электр жабдықтары өндірісін дамытуға және энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. Әлеуметтік жауапты компания ретінде холдинг ғылымды, білім беруді, экологияны дамытуды, жамбы ату мен арқан тартыс ұлттық спорт түрлері мен қазақ тілі дамыту қорларын белсенді қаржыландырады.
Фото(бейне): https://drive.google.com/drive/folders/1zoXbc5bipeMuisJyfpM6eWQx1w6lGp35?usp=sharing
Құрметпен, «Alageum Electric» КТ баспасөз қызметі
a.baimakova@alageum.com
+7 701 683 23 83