«Asia Trafo» трансформаторларының кезекті партиясы ТМД нарықтарына экспортқа жөнелтілді. Жабдық Ресей Федерациясының Борисоглебск қалалық электр желілерінің «Городская» қосалқы станциясына қызмет көрсететін болады. Қуаты 16 000 кВА трансформатор электр желілерінде кернеуді 35 кВ-тан 10 кВ-қа дейін түрлендіруге арналған. Тиімді жұмыс істеу үшін екі орамалы, үш фазалы трансформатор ауаның мәжбүрлі айналымымен салқындатылады, жүктеме кезінде қосқыштың позициялары реттеледі (RPN). Трансформатордың қызмет ету мерзімі – 30 жыл ішінде сенімді электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тапсырыс беруші жабдықтың жоғары сапасын, және бөлшектер мен компоненттерді тасымалдауға дайындау жұмыстары тамаша орындалғанына, құжаттаманың уақтылы жеткізілуіне жоғары бағасын берді.
Айта кетейік, «Asia Trafo» - «Alageum Electric» компаниялар тобына кіретін, Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болып табылады. Зауыттың негізгі шығарылатын өнімі – бұл қуаттылығы 500 МВА дейін кернеуі 110, 220, 500 кВ автотрансформаторлар және күшті май трансформаторлар, сонымен қатар реакторлар. Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 12 000 МВА жоғары.