Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Сейсенбі, 04 Ақпан 2025 12:26

    Еркебұлан Ілиясов - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының жаңа президенті

    Еркебұлан Ілиясов - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт  қауымдастығының жаңа президенті

    1 ақпан күні - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ, еліміздің ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты. Қауымдастық құрылтайшылары дауыс беру арқылы жаңа жарғы қабылдап, нәтижесінде «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Сайдоллаұлы Ілиясов бірауыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды. Бұған дейін бұл лауазымды Исламбек Салжанов атқарған.

    2023 жылдан бастап Еркебұлан Ілиясов «Жамбы ату» федерациясын, ал 2024 жылдан бастап «Арқан тартыс» ұлттық спорт федерациясын басқарды. Еркебұлан Ілиясов «жамбы ату» және «арқан тартыс» дәстүрлерін сақтауға және Қазақстанның этникалық спорт түрлері мен ұлттық игілігі ретінде кәсіби дамуына елеулі үлес қосты. Оның бастамасымен 2024 жылы «Ұлттық спорт қоры» қоры құрылды.

    2024 жылы Еркебұлан Ілиясовтың бастамасымен және «Alageum Electric» Компаниялар тобының қаржылық қолдауымен ғалым-этнограф Бекен Қайратұлының «Жамбы ату» кітабы жарық көрді. Кітап үш тілде жазылған. Еркебұлан Ілиясовтың басшылығымен Жамбы ату және арқан тартыс федерацияларында 30-дан астам халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізілді, олардың ішінде Жамбы атудан Азия турнирі, Федерация кубогы және басқа жарыстар, «Тайтұяқ» және «Томирис» арнайы сыйлықтары енгізілді. Қазақстандық садақшылары Венгрия, Франция, Моңғолия, Сауд Арабиясы және басқа елдердегі жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. 2024 жылы Қазақстан құрамасы Қытай жамбы атудан чемпионатында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, жетістіктерін көрсетті. Ұлттық спорт түрлерін насихаттауды дамыту мақсатында мобильді қосымша әзірленді, ол арқылы жарыстар мен олардың нәтижелерін онлайн режимде бақылауға болады.

    Айта кетейік, «Alageum Electric» Компаниялар тобы 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі болды. Этникалық спорт әлеміндегі ең ірі халықаралық іс-шараға бөлінген 1 млрд теңгеден басқа, компания жарыстардағы ең ірі жүлделердің бастамашысы болды: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша жамбы атудан жеңімпаздарына пәтер, машина және ақшалай сыйлықтар табысталды. Жамбы ату ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Бадашевке де автокөлік табысталды.

    Жаңадан сайланған Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Сайдоллаұлы сенім білдірген барша ҚР Туризм және спорт министрлігіне, қауымдастық қатарына кіретін ұлттық спорт өкілдеріне алғыс айтып, 2025 жылға қойылған жоспарымен бөлісті.

     «Бұл мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Ұлттық спорт - бұл халқымыздың жаны, ұрпақтарды байланыстыратын жіп. Біз бай мәдениетімізді көрсете отырып, қазақ этникалық спортының бүкіл әлемге танымал болуы үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Еркебұлан Ілиясов.

    Отырыс барысында Серік Жарасбаев Исламбек Төлеубайұлына ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа президент Еркебұлан Сайдоллаұлына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол барлық федерациялардың ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына 10 Федерация кіреді: байге, көкпар, аударыспақ, асық ату, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, тоғызқұмалақ, Joryq.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 24

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2025 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»