«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының жеңімпазы болып Alageum Electric компаниялар тобының «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (бұдан әрі – «ҚТЖ» АҚ) танылды. Кәсіпорын бұл марапатқа құжаттың жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын айтарлықтай жақсартып, нығайта түсетін жоғары әлеуметтік бағыттылығының арқасында ие болды. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, «ҚТЖ» АҚ ұжымдық шартының соңғы нұсқасы 2021 жылы әзірленіп, қабылданды. Құжатта заңмен кепілдендірілген құқықтар мен жеңілдіктерден бөлек, қызметкерлерді оқыту, санаторийлерге жеңілдік жолдамалар беру, мерейтойларға арналған төлемдер және т.б.
«ҚТЖ» АҚ білікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөледі – ЖОО мен колледж түлектерін оқытуға байланысты шығындар құнын 100% төлеу қамтамасыз етілген. 2012 жылы «ҚТЖ» АҚ жанынан Кентау политехникалық колледжі ашылды. Білім беру мекемесі дуальды оқытуды белсенді түрде қолданады.
Alageum Electric компаниялар тобы 25 жылдан бері электротехника саласында жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде холдинг ұжымы банкротқа ұшыраған кәсіпорынды іс жүзінде қалпына келтіріп, жаңа зауыттар салып, электротехниканың флагманы бола отырып, сала үшін керемет нәтижеге қол жеткізді. Alageum Electric қызметкерлерінің жалпы саны 5000-ға жуық қызметкерді құрайды, холдингтің жылдық салық шегерімі жылына 15 млрд теңгеге жетеді, 25 жыл ішінде 650 қызметкер пәтермен қамтамасыз етілді.
Біз өз құндылықтарымызды алға жылжытуды және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстануды жалғастырамыз. Адами капиталға инвестиция салу, ғылымды қажет ететін өндірісті дамыту, инновациялық даму арқылы біз әділ Қазақстанды құруға үлес қосуға дайынбыз.