«Alageum Electric» қазақстандық өнеркәсіптік холдингі «Адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша салалық наградамен марапатталды. Бұл құрмет наградасын Астанада «Alageum Sales» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Абдрахмановқа Премьер-министрі Әлихан Смайылов жаһандық инвестициялар жөніндегі VI қазақстандық дөңгелек үстел аясында табыс етті. Үздік инвесторларды марапаттау денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа экономика салаларында 10 номинация бойынша өтті.
«Alageum Electric»-тің адами капиталды дамытуға қосқан үлесі тек экономикалық аспектілермен ғана шектеліп қоймай, әлеуметтік және білім беру салаларын да қамтиды. «Alageum Electric» инженерлік мамандықтар бойынша студенттерге практикалық оқытуды ұйымдастыра отырып, стипендиялар мен тағылымдамалар беру арқылы білім беру мекемелерімен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. 2012 жылы компания құрған Қазақ-неміс политехникалық колледжі жыл сайын дуальды оқыту жүйесі бойынша оқытылған 100-ден астам сұранысқа ие мамандарды дайындайды. 2022 жылы колледж студенттеріне арналған «Alageum Electric» КТ 500 орындық заманауи студенттер жатақханасын салып, іске қосты.
«Alageum Electric» жастар арасында техникалық мамандықтардың беделін арттыруға ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы КТЗ зауытында Жаңа оқу орталығы ашылды. Сондай-ақ, 2023 жылы Кентау трансформатор зауыты мен «Asia Trafo» зауытының базасында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен серіктестікте “Энергетика” және “Машина жасау” кафедралары ашылды. Бұл жобалар мамандарға қажетті практикалық дағдыларды игеруге көмектеседі және бизнес секторы мен білім беру мекемелері арасында берік байланыс орнатады. Бұдан басқа, 2023 жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Alageum Electric» сапалы білімге қол жеткізуді қолдау үшін еліміздің барлық өңірлерінен мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға 153 мектеп пен киім жиынтықтарын сыйлады.
Компаниялар тобы ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды дамытуға белсенді инвестиция салуда. Мысалы, КТЗ және Asia Trafo зауыттарының тәжірибелік-конструкторлық бюросы өткен 26 жыл ішінде автоматтандыру мен цифрландырудан, энергия тиімділігін арттырудан, қуатты электр машиналарын әзірлеуге және жобалауға дейінгі түрлі салаларда 1000-нан астам техникалық шешімдер әзірледі.
ҚР Ұлттық Ғылым академиясымен ынтымақтастық аясында 2023 жылдың қыркүйегінде «Alageum Electric» «Trenco R&D» серіктестігімен «1st Business&Science event» форумының демеушісі болды. Іс-шара бизнес пен ғалымдардың ғылымды коммерцияландырудағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған
Тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, холдинг ұлттық спорт түрлерінің жандануын қолдайды. 2023 жылдың қаңтарында Жамбы ату федерациясының президенті болып «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов сайланды. Жыл бойы жамбы атуды дәріптеу мақсатында бірқатар ірі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды: Көкшетау, Астана және Алматы қалаларында республикалық турнирлер өткізілді, «Тайтұяқ» және «Томирис» арнайы сыйлықтары енгізілді.
«Alageum Electric» қолдауымен 2023 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия, Франция және Моңғолиядағы Жамбы атудан халықаралық турнирлерде жоғары нәтижелерге қол жеткізді, онда қазақстандық садақшылар жиынтығында 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
«Премьер-министрдің сыйлықты салтанатты тапсыру рәсімі күні біздің компаниялар тобының құрылған күнімен тұспа-тұс келді. «Alageum Electric» 26 жыл бойы әлеуметтік салаға инвестицияларға көп көңіл бөледі. Бізде 4500-ден астам қызметкер жұмыс істейді, 600-ге жуық қызметкер пәтерлермен қамтамасыз етілді. Петропавлда «Alageum Electric» ағымдағы жылы 100 пәтерлі тағы бір тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады», — деп атап өтті «Alageum Sales» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Абдрахманов.