Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Бейсенбі, 30 Қараша 2023 12:07

    «КТЗ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ БАУЫРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛҒАН

    «КТЗ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ БАУЫРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛҒАН

    Достар, «Alageum Electric» кәсіпқойлар командасының қоржынына тағы бір құрметті марапат қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз.  ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бұйрығына сәйкес «Құрмет» орденімен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов марапатталды.

    Бауыржан Амангелдіұлы еңбек жолын 2001 жылы КТЗ дәнекерлеу-дайындау цехының инженер-технологы қызметінен бастады. Жұмысының алғашқы күндерінен бастап оның жоғары өндірістік көрсеткіштерге деген ұмтылысы, бастамашылдығы және күрделі техникалық мәселелерді шешу қабілеті байқалды. Таңдалған іске адалдық пен көрнекті кәсіби қасиеттер арқасында 21 жыл ішінде Қазақстандағы ең ірі КТЗ трансформатор зауытының басшысына дейін өсті. 

    Бауыржан Амангелдіұлы тек басшы ғана емес, кәсіпорынды дамытуға және жаңа мамандар даярлауға өзінің энергиясын, таланты мен күш-жігерін жұмсайтын нағыз тәлімгер. 2014 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет ол басқарған конструкторлар тобы қуаты 63 000 кВА кернеуі 110 кВ электр машиналарының сериялық өндірісін жолға қойды.

    «Құрмет» ордені - Бауыржан Амангелдіұлының еңбегін, адалдығын және көшбасшылық қасиеттерін мойындаудың белгісі. Біздің ұжымда осындай кәсіпқойлар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Құрметті марапатпен құттықтаймыз!  КТЗ зауытының және «Alageum Electric» КТ-ның табысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 98

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»