Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019 16:52

    «Alageum Electric» АҚ оңтүстік кореялық Hyosung Corporation компаниясымен меморандумға қол қойды

    «Alageum Electric» АҚ оңтүстік кореялық Hyosung Corporation компаниясымен меморандумға қол қойды

    Бүгінгі таңда ҚР сыртқы істер Министрі Бейбіт Атамқұловтың Корей Республикасына Сеулге сапары аясында «Alageum Electric» АҚ және жетекші оңтүстік кореялық «Hyosung» компаниясы арасында екі жақты кездесу өтті. Аталмыш B2B – кездесу ҚР СІМ инвестициялар Комитеті мен «Kazakh Invest» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған.

    «Alageum electric» компаниясының директорлар Кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ильясов 110 кВ КТҚ жеткізілуіне «Hyosung» компаниясымен меморандумға қол қойды. Кешенді таратқыш құрылғы (КТҚ) – бұл атаулы кернеуі 110 кВ, жиілігі 50 Гц үш фазалық ауыспалы тоқ желілерінде электр қуатын қабылдау, тарату және бөлу үшін арналған, газ оқшаулауы бар жоғары вольтты таратқыш құрылғы. Hyosung 50 жыл бойы КТҚ өндірумен айналысады. Сондай-ақ ҚР аумағында - 110, 220, 500 кВ КТҚ шығаратын зауыттың құрылысына біріккен өндірісті ұйымдастыру бойынша компанияның басшылығымен келіссөздер жүргізіледі.

    Hyosung Сorporation (1966) Корей Республикасындағы энергетикалық өнеркәсіпте көшбасшылық күйге ие. Корпорация жалпы және арнайы тағайындалған трансформаторларды, шағын станцияларды, сондай-ақ КТҚ өндірісі үшін ең заманауи технологиялар мен озық мүмкіндіктерге ие.

    Alageum Electric Hyosung Сorporation-мен ұзақ мерзімді серіктестікке және тәжірибе алмасуға бағытталған.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 999

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»