11-12 қыркүйегінде Ташкент қаласында Өзбекстандағы Қазақстанның жетекші тауар өндірушілерінің сауда-экономикалық миссиясы өтті. Қазақстандық делегацияны құрылыс, тамақ өнеркәсібі және машина құрылысы саласындағы жұмыс істейтін, оның ішінде «Alageum electric» АҚ ұсынды. Ташкенттегі өкілдік делегация сапарының ұйымдастырушылары Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы, сондай-ақ Республикасының Сауда және интеграция Министрлігі болды.
Миссияның негізгі мақсаты тікелей байланыстарды дұрыстау, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылардың арасында сауда қарым-қатынастарын белсендендіру, сондай-ақ В2В форматында екі жақты кездесулерді жүргізу болып табылады.
Еске сала кетейік, осы жылдың 7 қыркүйегінде Өзбекстандағы «Alageum electric» АӨ өкіліне - «ALAGEUM TRANS» ЖШҚ ашылуы сәтінен бастап 1 жыл толды. Жылдың ішінде біздің өкілдік Өзбекстанның нарығына 1,5 млн.АҚШ долларына өнімді өндірді, оның ішінде 18 дана трансформаторлар жаңадан құрылысы салынып жатқан «Tashkent City» қалашығына (Tаshkent City — сегіз заманауи лоттардан тұратын, Өзбекстандағы алғашқы іскери орталық) жеткізілді.
Өзбекстандағы біздің өкілдігіміздің байланыс деректеріміз:
Директор: Бекмуратов Эльдар
Өзбекстан, Ташкент қ., Мирабад ауданы, Истикбол көшесі-34
Тел.: +998 (99) 797 18 88 | +998 (93) 511 11 13
E-mail: e.bekmuratov@alageum.com