Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019 16:36

    Қарағанды облысында «Alageum Electric» компаниялар тобының өңірлік презентациясы өтті

    Қарағанды облысында «Alageum Electric» компаниялар тобының өңірлік презентациясы өтті

    2019 жылғы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік органдар және облыс кәсіпкерлерімен жиналыс өтті, онда «Alageum Elecric» КТ қосалқы станциялық және трансформаторлық жабдықтар өнімі және SRC Халықаралық Ынтымақтастық және Өнеркәсіп Қорының (КХР) Қытайдан жеткізулерді қаржыландыру бағдарламасы таныстырылды.

    Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Әділ Сейілов кездесуді аша отырып бизнесмендерге «Ұлттық тәртіптемеден алуды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 шілдедегі №358 Қаулысын және оны мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде қолдануды егжей-тегжейлі түсіндірді. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде еліміздің ішкі нарығын қорғау және экономиканы дамыту мақсатында шетелдік мемлекеттен шыққан тауарларды ұлттық тәртіптемеден алу белгіленді. Бұл ретте «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатқа ие ҚР заңды тұлғасы өндірген тауарлар мемлекеттік сатып алуларға қатысуға жіберіледі, соның ішінде «Alageum Elecric» КТ да бар.

    «Alageum Electric» компаниясының Қарағанды филиалының өкілі Ерлан Науқанбек қонақтарға «Alageum Electric» КТ қызметі және 2020 жылы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өндіруді бастайтын панельдік радиаторларды шығару жөніндегі цех құрылысы туралы айтып берді. Кентау трансформатор зауытының өкілі Нұржан Сәрсенов жаңа өнім түрлерінің өндірісі туралы баяндады, мысалы: «ВВ-АЕ» брендімен вакуумдық сөндіргіштер, DRP микропроцессорлық қорғанышы, сондай-ақ КСО2-20кВ, КРУ және KERNEU жоғары вольтті ұяшықтары. Зауыт өкілдері сонымен қатар «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС шығаратын бетон қосалқы станциялары бойынша тақырыпты қозғады.

    «Электр-техникалық компания электр энергетикасы нарығында «бір қолдан – дайын түрде» қызметтерінің кейін сервистік қолдаумен бірге толық кешенін ұсынады. Компания Орталық Қазақстанда және Азияда қуаттылығы 63 МВА, кернеу сыныбы 220 кВ алғашқы аса қуатты автотрансформатор жасап шықты. Мысалы, Қазақстанның барлық қосалқы станциясы дерлік ХХ ғасырдың 80 жылдары салынған және жақын уақытта оларды салмақты модернизациялау күтіп тұр. Өзгенікін өзіңдікіне айырбастау – Қазақстандағы импорттың орнын толтыру бағдарламасының негізгі философиясы. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ осы бағытта қарқынмен жұмыс жасауда. Қуаттылығы 63 МВА кернеу сыныбы 220 кВ автотрансформатор – Қазақстандағы импортты алмастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жарқын мысалы»,- деп мәлімдеді кездесу барысында Ерлан Науқанбек.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 990

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»