Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Жұма, 11 Сәуір 2025 12:50

    Қазақстан Президенті Қ.Ж.Тоқаев барған трансформатор зауыты несімен танымал?

    Қазақстан Президенті Қ.Ж.Тоқаев барған трансформатор зауыты несімен танымал?

    11 сәуір күні Шымкент қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы жетекші кәсіпорындардың бірі әрі еліміздегі ең ірі трансформатор зауыты — Asia Trafo-ға барды.
    Зауыт жоғары кернеулі (110, 220, 500 кВ) қуатты майлы трансформаторлар мен автотрансформаторлар, сондай-ақ электр желілеріне арналған шунттаушы реакторлар өндіреді.
    Бұл — Қазақстанда осындай күрделі жабдықтар алғаш рет өндіріліп жатқан алғашқы кәсіпорын. Бұған дейін мұндай өнімдер шетелден ғана әкелінетін.
    Президент зауыттың жұмысымен танысып, инженерлермен және жас мамандармен кездесті. «Alageum Electric» компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев мемлекет басшысына компания жетістіктерін таныстырды.

    Asia Trafo зауыты ел үшін неге маңызды?

    • Өнімдер Қазақстан нарығынан бөлек, ТМД елдері мен Шығыс Еуропаға да экспортталады.
    • Жобалық қуаттылығы – жылына 12 000 МВА-дан асады.
    • Соңғы бес жылда ғылыми-зерттеу жұмыстарына 5 млрд теңгеден астам қаражат салынды, оның 3 млрд теңгесі – өз қаржысы.
    • 2023 жылы зауытта елдегі алғашқы 250 000 кВА (500 кВ) қуаттылығындағы үшфазалы автотрансформатор құрастырылды. Оның салмағы шамамен 300 тонна.
      Asia Trafo — Қазақстанның төрт қаласындағы трансформатор зауыттарын біріктіретін «Alageum Electric» компаниялар тобының құрамына кіреді. Кәсіпорындар ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған.
      Группа әлеуметтік жобаларға да белсенді қатысады: соңғы үш жылда қайырымдылыққа, мектептер құрылысына және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде шамамен 7 млрд теңге бөлінді.

    Фото: Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі

     
     
    Поделиться новостью
    Просмотров: 29

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2025 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»