Айдарымыздың кейіпкері - Дмитрий Владимирович Ракитский
1973 жылдың 15 қаңтарында Алматы облысы, Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласында дүниеге келген. Үйленген, үш баласының әкесі. Бала кезінен техникаға ерекше қызығушылық танытып, 1995 жылы Алматы энергетикалық институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1998 жылы «KEGOC» АҚ-да АМЭС қуат жабдықтарын жөндейтін 3-разрядты электрслесарь ретінде бастады. Кейін «ПЭО «Байконурэнерго» МУК және басқа да ұйымдарда еңбек етіп, прорабтан өндірістік қызметтің директоры деңгейіне дейін көтерілді. 2013 жылдан бері «Электромонтаж» АҚ-да өндірістік бөлімнің жетекші маманы қызметін атқарып келеді.
Дмитрий Владимировичтің жетекшілігімен бірқатар ірі жобалар сәтті жүзеге асты:
- Қостанай қаласындағы 220/110/10 кВ «Батыс» қосалқы станциясының құрылысы
- Сарыағаш ауданындағы 220/110/10 кВ «Қызыласкер» қосалқы станциясының құрылысы
- Атырау қаласындағы Береке ш/а (19,76 га) 110/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы
- Шымкент қаласында әкімшілік-іскерлік орталығы бар жаңа ТА үшін қуаттылығы 160 Гкал/сағ қазандық құрылысы
Оның мол тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі Alageum Electric дамуына үлкен үлес қосуда. Дмитрий Владимирович - өз ісінің шебері, адал әрі жауапкершілігі жоғары маман.
Сізбен бірге жұмыс істейтінімізді мақтан тұтамыз. Еңбегіңізге алғысымыз шексіз!