Digital Almaty форумында Asia Trafo мамандары мен Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдарының бірлескен жобасы ұсынылды. Бизнес өкілдерін, халықаралық сарапшыларды, IT-қоғамдастықты, мемлекеттік органдар мен БАҚ-ды біріктірген халықаралық форум 2023 жылғы 2-3 ақпанда өтті. Пікірталастың басты тақырыбы - инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болды.
Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдары мен «Asia Trafo» ЖШС инженерлер трансформаторлар өндірісі бойынша қазақстандық ірі зауыттың өндірістік базасында іске асырылған «Трансформаторларды есептеу мен дайындаудың клиентке бағдарланған кешенді автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу» жобасының нәтижелерін ұсынды.
Әзірленген автоматтандырылған жүйесінің артықшылықтары:
- трансформаторлардың өзіндік құнын төмендету;
- материалдарды үнемдеуге қол жеткізу;
- шығындарды азайту.
Жоба ҚР ЦДИАӨМ-нің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының гранттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылды
Өндірісті автоматтандыру және цифрландыру, сондай–ақ энергия тиімділігін арттыру мәселелері «Alageum Electric» компаниялар тобы үшін басым мәселелердің бірі болып табылады. Холдингте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаражат бөлінеді.