Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Жұма, 27 Қаңтар 2023 13:44

    Еркебұлан Ілиясов Жамбы ату республикалық федерациясының басшысы болып сайланды

    Еркебұлан Ілиясов Жамбы ату республикалық федерациясының басшысы болып сайланды

    Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. Алты ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды.

    «Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы болып «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ілиясов сайланды.

    «Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Ұлттық спорт түрлері - халықтың тарихын бейнелейтін біздің рухани байлығымыз. Жамбы ату спортының Қазақстанда ғана емес, әлемде де жаңғырту және дамыту үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Еркебұлан Ілиясов.

    Ұлттық спорт қауымдастығы құрамына «Теңге Ілу», «Бәйге», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Құсбегілік» және «Асық ату» спорт түрлері бойынша 9 ұлттық спорт түрінен республикалық федерациялар кіреді.  Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – кәсіпкер, белгілі меценат Исламбек Салжанов.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 269

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»