Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Сенбі, 27 Қаңтар 2024 09:10

    ЕРКЕБҰЛАН ІЛИЯСОВ «АРҚАН ТАРТЫС» ФЕДЕРАЦИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    ЕРКЕБҰЛАН ІЛИЯСОВ «АРҚАН ТАРТЫС» ФЕДЕРАЦИЯСЫ  ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Елiмiзде Республикалық «арқан тартыс» ұлттық спорт түрі федерациясы жұмысын бастады. Арқан тартыс - әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі. Аталған спорт биыл елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген.

    Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машина жасау қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі, «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президентi Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы тағайындалды.

    Федерацияның даму бағыты бойынша вице-президенті болып ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері Жабаев Нұрлан Жанпейісұлы, ал спорт жөніндегі вице-президент болып Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Сәбитов Бақдаулет Маратұлы тағайындалды.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 96

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»