Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2023 11:36

    Орал трансформатор зауыты «ПАРЫЗ» сыйлығына ие болды

    Орал трансформатор зауыты   «ПАРЫЗ» сыйлығына ие болды

    «Alageum Electric» Компаниялар Тобына кіретін «Орал трансформатор зауыты» ЖШС  «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығымен марапатталды. Беделді марапатқа Орал трансформатор зауыты жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары саласындағы елеулі жетістіктердің арқасында ие болды.

    «Alageum Electric» компаниялар тобының ең батысында орналасқан кәсіпорны - Орал трансформатор зауыты - жылына 12 000-нан астам трансформатор шығарады және өндірілген жабдықтың 95% шет елдерге экспорттайды. 2019 жылы Орал трансформатор зауытына отандық өнімнің сапасы мен жұмысының жоғары нәтижелерін дәлелдейтін «Алтын сапа» сыйлығы табысталды.

    Адами капиталға инвестициялар – Орал трансформатор зауытының әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Орал трансформатор зауытында 300-ден астам маман жұмыс істейді, орташа жасы - 32. «Alageum Electric» КТ қызметкерлерін ынталандыру мақсатында түрлі қолдау шаралары іске асырылуда, олардың ішінде - білім беру гранттар, мерекелік және кәсіптік күндерге арналған сыйлықақы төлемдері, баланың тууына байланысты 400 000 теңгеге біржолғы төлем және отбасылық еңбек әулеттерін құрғаны үшін, зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметкерлерге қосымша төлем.

    ҚР Еңбек заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, Орал трансформатор зауытының ұжымдық шартының соңғы нұсқасы 2022 жылы әзірленіп, қабылданды. Заңмен кепілдендірілген құқықтар мен жеңілдіктерден басқа, құжат қызметкерлерді оқытуды, мерейтойлық күндерге төлемдерді және басқа іс-шараларды қарастырады. Әлеуметтік қолдау ретінде 88 қызметкер тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

    2016 жылдан бастап зауыт жергілікті жоғары оқу орындарымен және колледждермен ынтымақтасады. Солардың ішінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі. Орал өңірде кәсіпорын ірі жұмыс беруші ғана емес, сонымен қатар ірі салық төлеуші болып табылады: соңғы 5 жылда өңір бюджетіне салық төлемдерінің жалпы сомасы 4 млрд 750 млн теңгеден асты. Экологияға үлес қосу мақсатында Орал трансформатор зауытының ұжымы 505 қылқан жапырақты және қайың көшеттерін отырғызды.

    Айта кетейік, «Alageum Electric» КТ-да жастарды дамыту және жергілікті инженерлердің кәсіби құзыреттерін арттыру үшін қолайлы ортасы құрылған. Компаниялар тобы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып өндірісте Кайдзен қағидаттарын енгізді. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, экология мәселелеріне, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қолдауға, қызметкерлерге берілетін әлеуметтік жеңілдіктер пакетін кеңейтуге, олардың стратегиялық дағдылары мен құзыреттерін, көшбасшылық әлеуетін дамытуға көп көңіл бөлінеді.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 258

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»