Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2025 13:01

    Ғылым мен білім үшін жаңа вектор: Alageum Electric Қазақстандағы алғашқы корпоративтік эндаумент-фондты ашты

    Ғылым мен білім үшін жаңа вектор: Alageum Electric Қазақстандағы  алғашқы корпоративтік эндаумент-фондты ашты

    Желтоқсан айының басында, Қазақстанның жетекші электрмашина жасау холдингі Alageum Electric, эндаумент-қорлар туралы Заңның әзірлеушісі әрі бастамашысы болып табылатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей қолдауымен елдегі алғашқы корпоративтік мақсатты капитал қорын құрды. 5 желтоқсанда «Ғылым және білім эндаумент-қоры» Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қор ресми түрде жаңа нормативтік модель аясында ғылым мен білімді ұзақ мерзімді қолдауды бастады.

    Эндаумент-қор - АҚШ пен Еуропада кеңінен қолданылатын құрал, ол жеке инвестицияларды ғылыми және білім беру жобаларына жинақтап, ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Қор тек инвестициялық табыстар арқылы жұмыс істейді, бір реттік қайырымдылыққа сүйенбейді.

    «Бұл - экономиканың білімге негізделген модельге ауысуындағы маңызды қадам. Мұндай модельде дамудың басты қозғаушы күші мемлекеттік бюджетпен шектелмей, мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы қалыптасады», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат, қордың стратегиялық маңызын атап өтіп.

    Alageum Electric соңғы 5 жылда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдауға жалпы 5 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Қор осы стратегияның жүйелі жалғасы болып табылады: ол жас ғалымдар, студенттер, зерттеу зертханалары мен инженерлік мектептерді, сондай-ақ университет экожүйелері мен инновациялық жобаларды қолдауды қамтамасыз етеді.

    «Ғылым және білім эндаумент-қоры» - толықтай жеке инвестициялар есебінен құрылған  Қазақстандағы ғылым мен білімді қолдайтын алғашқы корпоративтік эндаумент-фонд. Қордың бастапқы капиталы - Alageum Electric компаниясы тарапынан бөлінген 2 млрд теңге. Қор тек бизнес қаражатынан қалыптасып, жас ғалымдар, студенттер, инженерлік мектептер мен инновацияларды қолдайды, ғылымға жүйелі қаржыландыру мен елдің интеллектуалды капиталын дамытуға тұрақты үлес қосады. Бұл - экономиканың шикізатқа бағытталуынан білімге негізделген модельге кезең-кезеңімен көшу жолындағы маңызды қадам.

    Қамқоршылық кеңесті «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясов басқарса, Қордың директоры эндаумент туралы заң авторларының бірі Тимур Макенов болып тағайындалды. Кеңесте бизнесті, ғылымды және қаржы саласын танытқан мамандар қамтылған, бұл қаражатты ашық әрі кәсіби басқаруға кепілдік береді. Кеңес құрамында: Саясат Нұрбек, Тимур Турлов, Асқар Жұмаділдаев, Еркеблан Ильясов, Нұржан Стваев, Фархад Қуанғанов, Әлібек Мәдібеков, Арман Ашқын, Нұрмахан Абдрахманов бар.

    Қорды құру 2025 жылы қабылданған заңнан кейінгі Қазақстандағы корпоративтік эндаументтің алғашқы үлгісі болды.

    «Біз, қазақстандық технологиялық өндірісі терең компания ретінде, бұл қадамның елдегі басқа компаниялар үшін үлгі боларына үміттенеміз. Жеке инвестициялар тек ғылым мен білімді қолдауға ғана емес, сонымен қатар технология, инновация және инженерлік әлеуетті дамытуға да мүмкіндік береді. Қазақстан үшін осындай эндаумент-қорларды құру- стратегиялық және әлеуметтік жауапты инвестицияның маңызды үлгісі», - деді Еркебұлан Ильясов, «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 8
    Другие материалы в этой категории: « ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2025 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»