Біздің зауытымызға келген қонақтары:
Сапардың негізгі мақсаттары:
- Біздің өнімдерімізді Кореяға экспорттау мәселелерін талқылау ?
- Бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру
- Ғылыми бастамаларды жүзеге асыру үшін хаб құру
- Біздің кәсіпорындарға кадрлар дайындау мүмкіндігі
Сондай-ақ, қонақтар біздің өндірістік қуаттылықтарымызды көруге және одан әрі ынтымақтастықты талқылауға мүмкіндік алу үшін Кентау трансформатор зауыты жұмысының ерекшеліктерімен танысты.
Бұл кездесу жаңа мүмкіндіктер мен перспективалардың бастауы болатынына сенімдіміз!
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми Бас демеушісі болып танылды.
Шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысы Наиль Нұров пен «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов қатысты.
«Біздің компания әрқашан еліміздің мәдени және спорттық дәстүрін қолдауға және дамытуға ұмтылады. 2023 жылдан бастап біз Жамбы ату мен арқан тартысты дамытуды қолдау бойынша жұмысты бастадық. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі мәртебесі - бұл біздің ағымдағы жұмысымыздың жалғасы деп санауға болады. Біз халықаралық аренада дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға өз үлесімізді қоса алуымызды мақтан тұтамыз», - деді «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шарада 89 елден 2000-нан астам қатысушы болады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға, елеулі үлес қосқан бірқатар бизнесмендерге алғыс білдірді. Марапаттау салтанатты түрде Ақордада өтті
«Alageum Electric» КТ құрылтайшысы Сайдолла Қожабаев «Алтын барыс» төсбелгісімен және Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Тасқынның зардабын жоюға бірқатар кәсіпкеріміз қомақты қаражат бөлді. Олар әрдайым туған елімен бірге екенін нақты іспен дәлелдеді. Ұлт мүддесіне сай жауапкершілігі мол кәсіпкерлік дегеніміз – осы», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, «Alageum Electric» КТ су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек ретінде 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
"Asia Trafo" ЖШС зауыты бірінші рет трансформаторларды Әзірбайжан Республикасына жеткізді. ТДНС-25000/35/10 кВ 2 дана трансформаторлар және олардың компоненттері нысанға жеткізілді. Трансформаторлар объектіде шеф монтаждау жұмыстарын жүргізгеннен кейін орнатады деп күтілуде
2024 жылдың 6-7 маусымда Астанада өтетін 14-ші Astana Mining & Metallurgy тау-кен металлургиялық конгресі аясында пештік трансформаторларды жеткізу бойынша Asia Trafo мен ERG компаниялары арасында ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды. Біз ERG компаниясына көптеген жылдар бойы қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге шығарып, қазақстандық жабдықтардың ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік беріп жатыр.
Құрметті достар! Біз ТДНС-10000/35 кВ трансформаторымызды сәтті жеткізгеніміз туралы хабарлауға қуаныштымыз. Трансформатор Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласындағы “Щабакахои таксимоти барк” АҚ-ға жеткізілді. 35/6 кВ “Ориён” подстанциясы енді сенімді және тиімді технологиямен жабдықталған.
✅ Барлық монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды.
✅ Трансформатор сәтті іске қосылды және қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Asia Trafo Молдова Республикасы үшін зауыт тарихындағы алғашқы ТДТН-40000/110/10/6 кВ типті трансформаторды жасады!
ТДТН-40000/110/10/6 кВ типті трансформатор тапсырыс берушілер өкілдерінің қатысуымен барлық зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтарынан сәтті өтті, оның ерекшелігі - СН жағының 10 кВ кернеуі.
IEC 60076 халықаралық стандартына сәйкес жасалған трансформатор жоғары сапалы және инновациялық шешімдердің мысалы болып табылады.
«Alageum Electric» компаниялар тобының Орал федералды округіндегі өкілдігінің директоры Руслан Русскаевтің балалары, 6 жастағы Марьяна және 5 жастағы Макар Фламенг, «Asia Trafo» зауытының макетін жасап, біздің компанияны үлкен мақтанышпен таныстырды. Челябинск қаласында өткен бұл байқауда олар «Кәсіпорынмен байланыс» номинациясында 2 орынды иеленді.
Макетте бірнеше цех ұсынылған, әрқайсысы трансформаторлық жабдықтардың маңызын айшықтап көрсетеді. Біз болашақтың жас инженерлерден басталатынына сенеміз және олардың жаңа жетістіктерін асыға күтеміз! Марьяна мен Макарды шын жүректен құттықтаймыз!
Көптеген аудандар мен қазақстандықтардың тұрмысына елеулі әсер еткен күрделі жағдайына байланысты «Alageum Electric» Компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде қосымша 1 миллиард теңге аудару туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді еліміздің өңірлеріне қолдау көрсету мақсатында компания негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев және Топтың Директорлар кеңесі қабылдады.
Әлеуметтік жауапты компания ретінде «Alageum Electric» қиын кезеңдерде отандастарымызға қолдау көрсетуді аса маңызды деп санайды. Бұған дейін «Alageum Electric» кәсіпорындары Петропавл қаласын электрмен жабдықтауды толыққанды қалпына келтіру үшін ПЭТЗ зауытының жаңа трансформаторларды қоса алғанда, ауқымды су тасқынынан зардап шеккен басқа да өңірлерге көмекке жалпы сомасы 102 миллион теңге бөлген болатын. Сондай-ақ техникасымен және қызметкерлердің еріктілік көмегімен барлық қолдау көрсетілді.
Сомасы 1 миллиард теңге қосымша көмек Батыс Қазақстан облысындағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге, үйлер салуға және азаматтарға өзге де көмек көрсетуге жұмсалады.
«Көптеген отандастарымыз баспанасыз қалған кезеңде бей-жай қалуға болмайды. Қазір Батыс Қазақстан облысы қиын жағдайда, онда біздің 342 қызметкеріміз отбасыларымен де тұрады, жалпы санағанда 600 ден астам адам. Біз аудандарды қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.
Компания туралы:
«Alageum Electric» Компаниялар тобы - Қазақстанның электр машина жасау саласындағы көшбасшысы. Топ электротехникалық салада, электр машина жасау мен құрылыста табысты жұмыс істейтін 14-тен астам ірі кәсіпорындарды біріктіреді, олардың ішінде Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты, «Электромонтаж» АҚ және т. б. Компанияның өнімдері отандық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді, ішкі нарықта сатылады және ТМД елдерге экспортталады.
«Alageum Electric» электротехникалық холдингінде 4500 астам адам еңбек етеді. «Alageum Electric» Тобы бар өңірлердегі ірі салық төлеуші және жұмыс беруші бола отырып, жергілікті электр жабдықтары өндірісін дамытуға және энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. Әлеуметтік жауапты компания ретінде холдинг ғылымды, білім беруді, экологияны дамытуды, жамбы ату мен арқан тартыс ұлттық спорт түрлері мен қазақ тілі дамыту қорларын белсенді қаржыландырады.
Фото(бейне): https://drive.google.com/drive/folders/1zoXbc5bipeMuisJyfpM6eWQx1w6lGp35?usp=sharing
Құрметпен, «Alageum Electric» КТ баспасөз қызметі
a.baimakova@alageum.com
+7 701 683 23 83