Зауыттардың жаңа өнімдерін меңгеру туралы Ақтөбе қаласында 8 қараша күні «Alageum Electric» КТ өңірлік таныстыру барысында айтылды. Іс-шараға 40 көп адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік құрылым, РЭК, KEGOC, жоба институттарының, сонымен қатар Ақтөбе облысындағы ірі құрылыс компанияларының өкілдері. Таныстырылым «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Alageum Electric» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалымен ұйымдастырылды.
Филиал директоры Кыдырбаев Алмат қонақтарға «Alageum Electric» КТ қызметі және 2020 жылы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өндірісті бастайтын панелді радиаторларды шығару бойынша цех құрылысы туралы айтты. Кентау трансформатор зауытының өкілдері Нуржан Сарсенов және Галымжан Шегебаев өнімдердің жаңа түрлерін өндіру туралы айтты, олар мыналар: «ВВ-АЕ» брендімен вакуумдық ажыратқыштар, DRP микропроцессорлық қорғаныс, сонымен қатар КСО2-20кВ, КРУ және KERNEU жоғарывольтты ұяшық. Сонымен бірге зауыт өкілдерімен «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС шығарылатын бетон қосалқы станциясын шығару бойынша тақырыпты қозғады.
Бас конструктор Әділбек Тәжібаев Орталық Азиядағы трансформаторлар өндіретін ең ірі зауыт ретінде Azia Trafo зауытын таныстырды. Кәсіпорын қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110,220,500 кВ қуатты трансформаторлар мен шунттаушы реакторлар шығарады.
Сондай-ақ, өңірлік таныстырылым барысында Ақтөбе облысы «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Жанаайым Кельбатырова кәсіпкерлерге ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 358 «Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы» қаулысын және мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде оның қолданылуын егжей-тегжейлі түсіндірді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде елдің ішкі нарығын қорғау және экономиканы дамыту мақсатында шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды ұлттық режимнен алып тастау белгіленген. Бұл ретте мемлекеттік сатып алуға қатысуға ҚР заңды тұлғалары шығарған «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар тауарлар жіберіледі.
Іс-шара қонақтары қызықтырған сұрақтар қойып, «Alageum Electric» КТ зауыттарының құрылғыларын сатып алуға белсенді қызығушылық танытты. Әрбір компаниямен әрі қарай жемісті ынтымақтастық жасауға үміттенеміз.