5 маусымда бүкіл әлемде Қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен экологиялық жауапты технологияларды енгізудің маңыздылығын еске салады.
Тұрақты дамуға өз үлесін Alageum Electric компаниялар тобы да қосуда. Кентау трансформатор зауытының инженерлері «Alageum Engineering» ҒТO мамандарымен бірлесіп, Қазақстанда алғаш рет еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жаңа буындағы EcoDesign 2 энергия үнемдейтін трансформаторларын өндіруді игеруде.
EcoDesign 2 трансформаторлары жылу алмасудың жақсартылған жүйесімен, шу деңгейінің төмендігімен және бос жүріс пен қысқа тұйықталу кезіндегі шығындардың азайтылуымен ерекшеленеді. Бұл энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, экологиялық тұрақтылықтың заманауи талаптарына толық сәйкес келеді.
Жабдық автоматты басқарылатын жүктеме астында кернеуді реттеу құрылғысымен және заманауи мониторинг жүйесімен жабдықталған. Бұл пайдалану тиімділігін арттырып, энергетикалық жүйелер жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді.

