Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Бейсенбі, 30 Сәуір 2026 12:24

    Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясов «Құрмет» орденімен марапатталды

    Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясов «Құрмет» орденімен марапатталды

    «Alageum Electric» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов жоғары мемлекеттік марапат – «Құрмет» орденімен наградталды. Салтанатты рәсімде марапатты Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.

    Бұл марапат – оның отандық энергетика саласын дамытуға, сондай-ақ Шымкент қаласының индустриялық әлеуетін арттыруға қосқан үлесіне берілген лайықты баға. Компания жүзеге асырып жатқан жобалар өңірдің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және қаланың экономикалық дамуына нақты ықпал етуде.

    Сонымен қатар Еркебұлан Ілиясов Еуразиялық үкіметаралық кеңесті (ЕҮК) және Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумын жоғары деңгейде ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін Премьер-министрдің Алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, Alageum Electric компаниясы экономиканы цифрландыру мен инновацияларды дамытуға арналған Digital Qazaqstan форумының платиналық серіктесі болды.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 16

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2026 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»