Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Дүйсенбі, 27 Сәуір 2026 19:08

    Басқарушы компанияны (фидуциарийді) іріктеу бойынша ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Басқарушы компанияны (фидуциарийді) іріктеу бойынша ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру

    «Ғылым және білім эндаумент-қоры» корпоративтік нысаналы капитал қоры эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін сенімгерлік басқару үшін басқарушы компанияны (фидуциарийді) іріктеу бойынша ашық конкурс жариялайды.

    Конкурс Қазақстан Республикасының «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Заңына, сондай-ақ Қордың ішкі құжаттарына сәйкес өткізіледі.

    1. Конкурстың нысанасы

    Конкурстың нысанасы «Ғылым және білім эндаумент-қоры» корпоративтік нысаналы капитал қорының эндаумент-қорының (нысаналы капиталының) активтерін сенімгерлік басқару үшін басқарушы компанияны (фидуциарийді) айқындау болып табылады.

    Сенімгерлік басқаруға берілетін активтердің болжамды көлемі: 2 млрд теңге.

    Сенімгерлік басқару мерзімі: мерзімсіз.

    2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

    Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қордың ішкі талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар жіберіледі, оның ішінде:

    • қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген қолданыстағы лицензиясының болуы;
    • активтерді сенімгерлік басқару және/немесе инвестициялық портфельді басқару саласында кәсіби тәжірибесінің болуы;
    • басқаруындағы активтер көлемінің салыстырмалы деңгейде болуы;
    • институционалдық инвесторлардың және/немесе коммерциялық емес ұйымдардың активтерін басқару тәжірибесінің болуы;
    • білікті инвестициялық команданың болуы;
    • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуы;
    • мінсіз іскерлік беделінің болуы, оның ішінде лицензиядан айыру, қадағалап ден қоюдың елеулі шараларын қолдану, банкроттық рәсімдері және клиенттер алдындағы міндеттемелерді бұзғанын куәландыратын сот шешімдері фактілерінің болмауы;

    Қордың инвестициялық декларациясын, фидуциарлық міндеттемелерді, сенімділік, өтімділік, кірістілік және әртараптандыру қағидаттарын сақтай отырып, активтерді басқаруды жүзеге асыруға дайын болуы.

    3. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсыну қажет:

    • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    • инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
    • қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру мерзімі туралы мәліметтер;
    • басқаруындағы активтер көлемі туралы ақпарат;
    • институционалдық инвесторлардың және/немесе коммерциялық емес ұйымдардың активтерін басқару тәжірибесі туралы мәліметтер;
    • инвестициялық команданың құрылымы және негізгі мамандардың біліктілігі туралы мәліметтер;
    • инвестициялық стратегияның және портфельді қалыптастыру тәсілінің сипаттамасы;
    • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сипаттамасы;
    • сыйақының мөлшері мен құрылымы туралы ақпарат;
    • мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы мәліметтер;
    • қатысушы өз өтінімін бағалау үшін қажет деп санайтын өзге де құжаттар мен мәліметтер.

    Қор қатысушылардан қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ ұсынылған конкурстық өтінімдер бойынша жұмыс кездесулерін, презентациялар мен түсіндірулер өткізуге құқылы.

    4. Өтінімдерді беру мерзімі мен тәртібі

    Конкурстық өтінімдер 2026 жылғы 11 мамырға дейін қоса алғанда қабылданады.

    Өтінімдер мына электрондық мекенжайға жолданады: Endowment@alageum.com

    Хаттың тақырыбы: «Басқарушы компанияны (фидуциарийді) іріктеу бойынша конкурс».

    Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен, сондай-ақ құжаттар топтамасы толық емес өтінімдер қарауға жіберілмеуі мүмкін.

    5. Жеңімпазды айқындау тәртібі

    Конкурстық өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Қор басқарушы компанияны (фидуциарийді) айқындау туралы ұсыныммен не конкурсты өткізілмеді деп тану туралы қорытынды қалыптастырады.

    Басқарушы компанияны (фидуциарийді) айқындау туралы түпкілікті шешімді Қордың Попечительдік кеңесі қабылдайды және тиісті хаттамамен ресімделеді.

    Таңдалған басқарушы компаниямен (фидуциариймен) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қордың Попечительдік кеңесі мақұлдаған талаптарға сәйкес эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін сенімгерлік басқару шарты жасалады.

    Поделиться новостью
    Просмотров: 26

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2026 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»