«Alageum Electric» қазақстандық өнеркәсіптік холдингі «Адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша салалық наградамен марапатталды. Бұл құрмет наградасын Астанада «Alageum Sales» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Абдрахмановқа Премьер-министрі Әлихан Смайылов жаһандық инвестициялар жөніндегі VI қазақстандық дөңгелек үстел аясында табыс етті. Үздік инвесторларды марапаттау денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа экономика салаларында 10 номинация бойынша өтті.
«Alageum Electric»-тің адами капиталды дамытуға қосқан үлесі тек экономикалық аспектілермен ғана шектеліп қоймай, әлеуметтік және білім беру салаларын да қамтиды. «Alageum Electric» инженерлік мамандықтар бойынша студенттерге практикалық оқытуды ұйымдастыра отырып, стипендиялар мен тағылымдамалар беру арқылы білім беру мекемелерімен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. 2012 жылы компания құрған Қазақ-неміс политехникалық колледжі жыл сайын дуальды оқыту жүйесі бойынша оқытылған 100-ден астам сұранысқа ие мамандарды дайындайды. 2022 жылы колледж студенттеріне арналған «Alageum Electric» КТ 500 орындық заманауи студенттер жатақханасын салып, іске қосты.
«Alageum Electric» жастар арасында техникалық мамандықтардың беделін арттыруға ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы КТЗ зауытында Жаңа оқу орталығы ашылды. Сондай-ақ, 2023 жылы Кентау трансформатор зауыты мен «Asia Trafo» зауытының базасында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен серіктестікте “Энергетика” және “Машина жасау” кафедралары ашылды. Бұл жобалар мамандарға қажетті практикалық дағдыларды игеруге көмектеседі және бизнес секторы мен білім беру мекемелері арасында берік байланыс орнатады. Бұдан басқа, 2023 жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Alageum Electric» сапалы білімге қол жеткізуді қолдау үшін еліміздің барлық өңірлерінен мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға 153 мектеп пен киім жиынтықтарын сыйлады.
Компаниялар тобы ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды дамытуға белсенді инвестиция салуда. Мысалы, КТЗ және Asia Trafo зауыттарының тәжірибелік-конструкторлық бюросы өткен 26 жыл ішінде автоматтандыру мен цифрландырудан, энергия тиімділігін арттырудан, қуатты электр машиналарын әзірлеуге және жобалауға дейінгі түрлі салаларда 1000-нан астам техникалық шешімдер әзірледі.
ҚР Ұлттық Ғылым академиясымен ынтымақтастық аясында 2023 жылдың қыркүйегінде «Alageum Electric» «Trenco R&D» серіктестігімен «1st Business&Science event» форумының демеушісі болды. Іс-шара бизнес пен ғалымдардың ғылымды коммерцияландырудағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған
Тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, холдинг ұлттық спорт түрлерінің жандануын қолдайды. 2023 жылдың қаңтарында Жамбы ату федерациясының президенті болып «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов сайланды. Жыл бойы жамбы атуды дәріптеу мақсатында бірқатар ірі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды: Көкшетау, Астана және Алматы қалаларында республикалық турнирлер өткізілді, «Тайтұяқ» және «Томирис» арнайы сыйлықтары енгізілді.
«Alageum Electric» қолдауымен 2023 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия, Франция және Моңғолиядағы Жамбы атудан халықаралық турнирлерде жоғары нәтижелерге қол жеткізді, онда қазақстандық садақшылар жиынтығында 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
«Премьер-министрдің сыйлықты салтанатты тапсыру рәсімі күні біздің компаниялар тобының құрылған күнімен тұспа-тұс келді. «Alageum Electric» 26 жыл бойы әлеуметтік салаға инвестицияларға көп көңіл бөледі. Бізде 4500-ден астам қызметкер жұмыс істейді, 600-ге жуық қызметкер пәтерлермен қамтамасыз етілді. Петропавлда «Alageum Electric» ағымдағы жылы 100 пәтерлі тағы бір тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады», — деп атап өтті «Alageum Sales» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Абдрахманов.

«Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС
Біздің трансформаторлар әртүрлі салаларда қолданылады. Энергия жабдықтарын өндіруде біз әрқашан клиенттің қажеттіліктеріне назар аударуға тырысамыз.
2022 жылы біздің "Asia Trafo" зауытында ERG кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін бірнеше трансформаторлар дайындалып, жеткізілді:
- "Шұбаркөл Көмір" АҚ-ның "Северная" қосалқы станциясы үшін ТДТН-16000/110 кВ трансформаторы;
- "Алюминий Қазақстан" АҚ-ның жылу электр орталығына арналған ТДЦ-125000/110 кВ трансформаторы;
- "Қазхром" ТҰК" АҚ және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр жабдықтарының резерві үшін ГПП 110/10 кВ кернеуі трансформаторлар;
- Ақсу ферроқорытпа зауытының қосалқы станциясы үшін ТДЦН – 80000/110 кВ трансформаторы;
- Дөң кен-байыту комбинатын электрмен жабдықтауға арналған АТДЦТН-125000/220/110 кВ автотрансформаторы.
Қазіргі уақытта шеф-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды, трансформаторлардың көп бөлігі пайдалануға берілді.
Продается действующее предприятие - полностью оборудованный завод по производству ЖБИ.
Находится в городе в г. Кызылорда, ул. Жибек Жолы 2.
Преимущества для нового владельца:
- завод оснащен необходимым оборудованием, также имеются автовесы, кран-балка, холодильные камеры, пандус;
- продукция успешно реализуется по всему Казахстану;
Предлагаем Вашему вниманию производственную базу с земельным участком под бизнес.
Территория находится на пересечении улицы Утеген батыра (ул. Утеген батыра 7/1) и проспекта Райымбек батыра.
Важный аспект: данная территория будет всегда иметь высокую инвестиционную привлекательность.
9 этажный БЦ на пр. Гагарина,
2 уровня подземного паркинга и технический этаж, здания расположена в хорошем районе, развитая инфраструктура
ПРОДАЖА НЕПРОФИЛЬНЫХ АКТИВОВ
Мы стремимся к эффективному управлению своими активами, осуществляя стратегию реализации непрофильного имущества. Мы предлагаем к продаже или аренде промышленную недвижимость, производственные цеха и земельные участки.
Ознакомьтесь с информацией о реализуемых непрофильных активах по следующим объектам:
Просим вас в случае заинтересованности звонить по телефону: +7 777 377 9177
Руководитель программы Бекзат Бегасилов
9 этажный БЦ на пр. Гагарина,
2 уровня подземного паркинга и технический этаж, здания расположена в хорошем районе, развитая инфраструктура
Предлагаем Вашему вниманию производственную базу с земельным участком под бизнес.
Территория находится на пересечении улицы Утеген батыра (ул. Утеген батыра 7/1) и проспекта Райымбек батыра.
Важный аспект: данная территория будет всегда иметь высокую инвестиционную привлекательность.
Целевое назначение - производственная база, объект торговли, кафе и демонстративный зал. Общая территория составляет 2, 13 га. Общая площадь всех объектов составляет 10 272, 3 м². Площадь офисных помещений составляет 1 814, 9 м². Общая площадь складских и производственных помещений составляет 7 352, 3 м². Благоустройство - Водопровод, канализация, отопление, электроснабжение. Ближайшая станция метро - «Москва» (2, 3 км), «Сайран» (3, 1 км). Имеются офисные и производственные помещения, а также прилегающая территория полностью подготовлены и оборудованы в соответствии со своим назначением. Здании расположены на земельном участке общей площадью 21300 м². Территория находятся под круглосуточной охраной. Предусмотрены парковки и гаражи. В помещениях выполнены ремонтные работы и проведены все необходимые коммуникации. Прилегающая территория заасфальтирована, ограждена и хорошо освещена, имеется зона для операций погрузки-разгрузки, площадка для маневрирования большегрузных автомобилей и других автомобильных средств. На территории имеется 1 башенный кран. Также есть общежитие для сотрудников и столовая.
Автовесы, кран-балка, холодильные камеры, пандус.
Предлагаем Вашему вниманию полностью оборудованный завод по производству ЖБИ. Общая территория составляет 16, 837 га.
Производственные помещения общей площадью 16 042 м².
Административное здание общей площадью 2 091 м².
Протяженность ж/д путей – 6 501 п/м.
СРЕДНЕгодОВОЙ ОБЪЕМ РЕАЛИЗАЦИИ ТОВАРНОЙ ПРОДУКЦИИ ЗА 5 ЛЕТ – 1, 5 МЛРД. ТЕНГЕ.
Имеется вспомогательные участки, такие как:
Центральная водоснабжение, канализация, отопление. Видео наблюдение по всей территории, тревожная кнопка, пожарные датчики во всех складах и офисах, охранная сигнализация. Паркинг для легковых машин, свободный заезд грузовых автомашин. Асфальтированная, огороженная территория.
Расположение в городе в г. Кызылорда, ул. Жибек Жолы 2 с развитой инфраструктурой, идеальной локацией. Завод отлично подходит для крупного бизнеса любой сферы деятельности. Юридическая чистота всей необходимой документации гарантируем. Завод отвечает всем нормам и требованиям безопасности. Приобретая данный комплекс за 4 800 000 000 тенге, Вы автоматически становитесь владельцем недвижимости и земельного участка площадью 16 га.
Digital Almaty форумында Asia Trafo мамандары мен Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдарының бірлескен жобасы ұсынылды. Бизнес өкілдерін, халықаралық сарапшыларды, IT-қоғамдастықты, мемлекеттік органдар мен БАҚ-ды біріктірген халықаралық форум 2023 жылғы 2-3 ақпанда өтті. Пікірталастың басты тақырыбы - инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болды.
Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдары мен «Asia Trafo» ЖШС инженерлер трансформаторлар өндірісі бойынша қазақстандық ірі зауыттың өндірістік базасында іске асырылған «Трансформаторларды есептеу мен дайындаудың клиентке бағдарланған кешенді автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу» жобасының нәтижелерін ұсынды.
Әзірленген автоматтандырылған жүйесінің артықшылықтары:
- трансформаторлардың өзіндік құнын төмендету;
- материалдарды үнемдеуге қол жеткізу;
- шығындарды азайту.
Жоба ҚР ЦДИАӨМ-нің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының гранттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылды
Өндірісті автоматтандыру және цифрландыру, сондай–ақ энергия тиімділігін арттыру мәселелері «Alageum Electric» компаниялар тобы үшін басым мәселелердің бірі болып табылады. Холдингте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаражат бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. Алты ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды.
«Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы болып «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ілиясов сайланды.
«Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Ұлттық спорт түрлері - халықтың тарихын бейнелейтін біздің рухани байлығымыз. Жамбы ату спортының Қазақстанда ғана емес, әлемде де жаңғырту және дамыту үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Еркебұлан Ілиясов.
Ұлттық спорт қауымдастығы құрамына «Теңге Ілу», «Бәйге», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Құсбегілік» және «Асық ату» спорт түрлері бойынша 9 ұлттық спорт түрінен республикалық федерациялар кіреді. Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – кәсіпкер, белгілі меценат Исламбек Салжанов.
«Электромонтаж» АҚ («ЭЛМО») Қарағанды облысы Саран қаласының жаңа индустриялық аймағын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы бойынша келесі жұмыстар орындалды:
- кернеуі 10 кВ 7 тарату пункті (ТП) орнатылды;
- 10 кВ кабельдік эстакада салынды;
- ұзындығы 40 км 10 кВ кабельдік желіні монтаждау-төсеу бойынша жұмыстар орындалды.
Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар одан әрі жалғасуда.
«Электромонтаж» АҚ («ЭЛМО» АҚ) 80 жылдан астам Қазақстанда ірі электрмонтаж ұйымдарының бірі болып табылады және кез-келген қиындықтағы электр қондырғыларының құрылысын салу және қайта құру жөніндегі жұмыстардың толық кешенін орындайды. Кәсіпорын 2012 жылдан бастап электр энергетикасы саласындағы нарық жетекшісі «Alageum Electric» компаниясының құрамына кіреді.
«ЭЛМО» филиалдар мен өкілдіктер Астана, Алматы, Кентау, Орал, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Қостанай және Шымкент қалаларында орналасқан.