Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com
    admin

    admin

    Желтоқсан айының басында, Қазақстанның жетекші электрмашина жасау холдингі Alageum Electric, эндаумент-қорлар туралы Заңның әзірлеушісі әрі бастамашысы болып табылатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей қолдауымен елдегі алғашқы корпоративтік мақсатты капитал қорын құрды. 5 желтоқсанда «Ғылым және білім эндаумент-қоры» Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қор ресми түрде жаңа нормативтік модель аясында ғылым мен білімді ұзақ мерзімді қолдауды бастады.

    Эндаумент-қор - АҚШ пен Еуропада кеңінен қолданылатын құрал, ол жеке инвестицияларды ғылыми және білім беру жобаларына жинақтап, ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Қор тек инвестициялық табыстар арқылы жұмыс істейді, бір реттік қайырымдылыққа сүйенбейді.

    «Бұл - экономиканың білімге негізделген модельге ауысуындағы маңызды қадам. Мұндай модельде дамудың басты қозғаушы күші мемлекеттік бюджетпен шектелмей, мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы қалыптасады», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат, қордың стратегиялық маңызын атап өтіп.

    Alageum Electric соңғы 5 жылда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдауға жалпы 5 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Қор осы стратегияның жүйелі жалғасы болып табылады: ол жас ғалымдар, студенттер, зерттеу зертханалары мен инженерлік мектептерді, сондай-ақ университет экожүйелері мен инновациялық жобаларды қолдауды қамтамасыз етеді.

    «Ғылым және білім эндаумент-қоры» - толықтай жеке инвестициялар есебінен құрылған  Қазақстандағы ғылым мен білімді қолдайтын алғашқы корпоративтік эндаумент-фонд. Қордың бастапқы капиталы - Alageum Electric компаниясы тарапынан бөлінген 2 млрд теңге. Қор тек бизнес қаражатынан қалыптасып, жас ғалымдар, студенттер, инженерлік мектептер мен инновацияларды қолдайды, ғылымға жүйелі қаржыландыру мен елдің интеллектуалды капиталын дамытуға тұрақты үлес қосады. Бұл - экономиканың шикізатқа бағытталуынан білімге негізделген модельге кезең-кезеңімен көшу жолындағы маңызды қадам.

    Қамқоршылық кеңесті «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясов басқарса, Қордың директоры эндаумент туралы заң авторларының бірі Тимур Макенов болып тағайындалды. Кеңесте бизнесті, ғылымды және қаржы саласын танытқан мамандар қамтылған, бұл қаражатты ашық әрі кәсіби басқаруға кепілдік береді. Кеңес құрамында: Саясат Нұрбек, Тимур Турлов, Асқар Жұмаділдаев, Еркеблан Ильясов, Нұржан Стваев, Фархад Қуанғанов, Әлібек Мәдібеков, Арман Ашқын, Нұрмахан Абдрахманов бар.

    Қорды құру 2025 жылы қабылданған заңнан кейінгі Қазақстандағы корпоративтік эндаументтің алғашқы үлгісі болды.

    «Біз, қазақстандық технологиялық өндірісі терең компания ретінде, бұл қадамның елдегі басқа компаниялар үшін үлгі боларына үміттенеміз. Жеке инвестициялар тек ғылым мен білімді қолдауға ғана емес, сонымен қатар технология, инновация және инженерлік әлеуетті дамытуға да мүмкіндік береді. Қазақстан үшін осындай эндаумент-қорларды құру- стратегиялық және әлеуметтік жауапты инвестицияның маңызды үлгісі», - деді Еркебұлан Ильясов, «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы.

    Сейсенбі, 05 Тамыз 2025 11:27

    ТМГН-630-20-0,4 с РПН MR

    Габаритный чертеж трансформатора ТМГН-630-20-0,4 с РПН MR будет доступен в ближайшее время. Для получения дополнительной информации обращайтесь в call-центр по телефону: +7 771 005 22 22

    Дизайн без названия 10

    Түркістан қаласында колледж түлектеріне арналған «Адал азамат, Адал еңбек, Адал табыс» форумы өтті. Іс-шараның мақсаты - жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету. Форум аясында өңірлік және республикалық ірі кәсіпорындардың қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Форумда АО «Кентау трансформатор зауыты» басқарма төрағасы Бауыржан Амангелдіұлы Худайбергеновтың баяндамасы ерекше назар аудартты. Ол зауыттың қызметі мен стратегиялық рөлі туралы айтып, 5 түлекке жұмысқа жолдама табыстады.

    Техникалық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Худайбергенов Бауыржан Түркістан облысы әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараға Кентау политехникалық колледжі де белсене қатысты.

    «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Шымкент қаласында мемлекеттік органдар, салалық компаниялар мен отандық өндірушілердің қатысуымен республикалық конференция өтті. Іс-шараны «Қазақстан электромашина жасаушыларының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – энергетикалық инфрақұрылымның тозуын шешу және алдағы уақытта тұрақты дамуға жағдай жасау.

    Конференция алаңы ретінде «Alageum Electric» қазақстандық компаниялар тобына кіретін, Орталық Азиядағы ең ірі трансформаторлар мен шунттаушы реакторлар өндірушісі – «Asia Trafo» зауыты таңдалды. Бұл холдинг 27 жылдан бері банкрот болған зауыттарды қайта жандандырып, жаңа өндірістер салып, заманауи технологияларды енгізіп келеді.

    «Қазақстандық кәсіпорындардың әлеуеті өте жоғары. Тәжірибе көрсеткендей, отандық жабдық еліміздің климаттық жағдайына және инфрақұрылым сапасына төзімді келеді. Тағы бір маңызды фактор – кепілдік және техникалық қызмет көрсету. Қазіргі таңда бұл міндеттемелерді шетелдік жеткізушілер орындамайды, ал отандық кәсіпорындар толық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, бұл жаңа жұмыс орындарын ашу, бюджетке салық түсімдерін арттыру, инвестициялық тартымдылықты күшейту сияқты әлеуметтік маңызы бар бағыттармен тікелей байланысты», – деді ҚР Электромашина жасаушылары қауымдастығының басқарушы директоры Ғалым Булатов.

    Отандық өндірушілер шетелдік жабдық жиі істен шығатындықтан, қазірдің өзінде олардың жөндеуін өз мойнына алып отырғанын атап өтті. Бұл өз өндірісімізді қолдаудың қажеттігін айқын көрсетеді.

    «Энергоүнемді трансформаторларды сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Бүгінде жаһандық тренд – энергоэффективтілік, және Қазақстан бұл үрдістен қалыс қалмауы керек», – деді «Asia Trafo» зауытының техникалық директоры Дәуірбек Атеев.

    ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілі Айдын Рахымжанның айтуынша, үкімет отандық өндірістерді жүктеу және жаңа кәсіпорындар ашу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

    «Бұл жай ғана экономикалық мәселе емес – бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Сенімді инфрақұрылым қазақстандықтардың үйлеріне жылу мен жарық жеткізеді», – деп түсіндірді министрлік өкілі.

    Жоба іске асыру механизмдеріне арналған сессияда «ҚР ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Макка Шингазиева Ұлттық жоба ұзақмерзімді перспективаға бағытталғанын атап өтті:

    «Бұл кезең-кезеңімен іске асатын жоба. Алғашқы бес жыл туралы айтып отырмыз, әрі қарай нәтиже мен аймақтардың қажеттілігіне қарай жалғасады».

    «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әлия Мурзагалиева ұлттық жобаны қаржыландырудың негізгі тетіктері – СЕМ-нің жеке қаражаты, бюджет несиелері, МИО немесе ӘКК тарапынан СЕМ жарғылық капиталына салым, халықаралық қаржы ұйымдары мен ҚР қаржы институттарынан займдар тарту, МИО облигацияларын шығару және оларды Қаржы операторы арқылы сатып алу екенін хабарлады. Оның айтуынша, жаңғыртудың әсері елдің экономикалық және инвестициялық тартымдылығына оң ықпал етеді.

    Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар жобаларды жоспарлау процесіне толыққанды қатыспай отырғанына алаңдаушылық білдірді. «Karlskrona LC AB» компаниясының өкілі Талғат Алпысбаев шетелдік тәжірибемен салыстырды:

    «Шетелде біз 30-40 жылдық жобаларды талқылаймыз, жобалау үш жылға созылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау – сапаның кепілі. Ал бізде бәрі соңғы сәтте шешіледі, бұл үлкен қауіп тудырады».

    Іс-шараға «Alageum Electric», Өскемен конденсатор зауыты, Nero Group, Karlskrona LC AB сияқты отандық кәсіпорындар қатысты. Министрлік мәліметінше, кең ауқымды жаңғырту 2029 жылға дейін жалғасады. Нәтижесінде негізгі инфрақұрылым тозуы айтарлықтай төмендейді. Шымкенттегі конференция тек пікір алмасу алаңы емес, сонымен қатар Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі отандық өнеркәсіптің рөлін қайта қарауға бағытталған маңызды қадам болды.

    2025 жылғы 6 мамырда «Тассай» индустриялық аймағына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Аскар Сақтағанұлы Бияхметов «Asia Trafo» ЖШС зауытына келді.

    Сапар барысында вице-министрге кәсіпорынның толық өндірістік циклі таныстырылып, құрылған жұмыс орындары, еңбек жағдайлары және әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар дуальды оқыту жүйесін енгізу, жастар практикасы бағдарламасына қатысу және білікті кадрлар даярлау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен баяндалды.

    Зауыт басшылығы өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті. Бұл білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, жас мамандарды кәсіпорынға тартуға мүмкіндік береді.

    Аталған сапар елдегі әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мен өндіріс саласы арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

    Айдарымыздың кейіпкері - Дмитрий Владимирович Ракитский

    1973 жылдың 15 қаңтарында Алматы облысы, Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласында дүниеге келген. Үйленген, үш баласының әкесі. Бала кезінен техникаға ерекше қызығушылық танытып, 1995 жылы Алматы энергетикалық институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1998 жылы «KEGOC» АҚ-да АМЭС қуат жабдықтарын жөндейтін 3-разрядты электрслесарь ретінде бастады. Кейін «ПЭО «Байконурэнерго» МУК және басқа да ұйымдарда еңбек етіп, прорабтан өндірістік қызметтің директоры деңгейіне дейін көтерілді. 2013 жылдан бері «Электромонтаж» АҚ-да өндірістік бөлімнің жетекші маманы қызметін атқарып келеді.

    Дмитрий Владимировичтің жетекшілігімен бірқатар ірі жобалар сәтті жүзеге асты:

    • Қостанай қаласындағы 220/110/10 кВ «Батыс» қосалқы станциясының құрылысы
    • Сарыағаш ауданындағы 220/110/10 кВ «Қызыласкер» қосалқы станциясының құрылысы
    • Атырау қаласындағы Береке ш/а (19,76 га) 110/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы
    • Шымкент қаласында әкімшілік-іскерлік орталығы бар жаңа ТА үшін қуаттылығы 160 Гкал/сағ қазандық құрылысы

    Оның мол тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі Alageum Electric дамуына үлкен үлес қосуда. Дмитрий Владимирович - өз ісінің шебері, адал әрі жауапкершілігі жоғары маман.

    Сізбен бірге жұмыс істейтінімізді мақтан тұтамыз. Еңбегіңізге алғысымыз шексіз!

    Дүйсенбі, 05 Мамыр 2025 13:40

    Кожабаев Сайдулла Ильясович

    Основатель ГК "Alageum Electric"

    Дүйсенбі, 05 Мамыр 2025 13:27

    Токмурзин Руслан Рустамович

    Председатель Правления ТОО "Asia Trafo"

    Дүйсенбі, 05 Мамыр 2025 13:26

    Ергешов Фархад Жолдасович

    Председатель Правления ТОО "АЭМЗ"

    Дүйсенбі, 05 Мамыр 2025 13:07

    Шамшиев Ерсултан Абдрашитович

    Председатель Правления ТОО "ПЭТЗ"

    Страница 1 из 30

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2025 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»