Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    «Alageum Electric» Компаниялар Тобына кіретін «Орал трансформатор зауыты» ЖШС  «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығымен марапатталды. Беделді марапатқа Орал трансформатор зауыты жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары саласындағы елеулі жетістіктердің арқасында ие болды. «Alageum Electric» компаниялар тобының ең батысында орналасқан кәсіпорны - Орал трансформатор зауыты - жылына 12 000-нан астам трансформатор шығарады және өндірілген жабдықтың 95% шет елдерге экспорттайды. 2019 жылы Орал трансформатор зауытына отандық өнімнің сапасы мен жұмысының жоғары нәтижелерін дәлелдейтін «Алтын сапа» сыйлығы табысталды.…
    Достар, «Alageum Electric» кәсіпқойлар командасының қоржынына тағы бір құрметті марапат қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз.  ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бұйрығына сәйкес «Құрмет» орденімен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов марапатталды. Бауыржан Амангелдіұлы еңбек жолын 2001 жылы КТЗ дәнекерлеу-дайындау цехының инженер-технологы қызметінен бастады. Жұмысының алғашқы күндерінен бастап оның жоғары өндірістік көрсеткіштерге деген ұмтылысы, бастамашылдығы және күрделі техникалық мәселелерді шешу қабілеті байқалды. Таңдалған іске адалдық пен көрнекті кәсіби қасиеттер арқасында 21 жыл ішінде Қазақстандағы ең ірі КТЗ трансформатор зауытының басшысына дейін өсті. …
    «Alageum Electric» қазақстандық өнеркәсіптік холдингі «Адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша салалық наградамен марапатталды. Бұл құрмет наградасын Астанада «Alageum Sales» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Абдрахмановқа Премьер-министрі Әлихан Смайылов жаһандық инвестициялар жөніндегі VI қазақстандық дөңгелек үстел аясында табыс етті. Үздік инвесторларды марапаттау денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа экономика салаларында 10 номинация бойынша өтті. «Alageum Electric»-тің адами капиталды дамытуға қосқан үлесі тек экономикалық аспектілермен ғана шектеліп қоймай, әлеуметтік және білім беру салаларын да қамтиды. «Alageum…
    Біздің трансформаторлар әртүрлі салаларда қолданылады. Энергия жабдықтарын өндіруде біз әрқашан клиенттің қажеттіліктеріне назар аударуға тырысамыз. 2022 жылы біздің "Asia Trafo" зауытында ERG кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін бірнеше трансформаторлар дайындалып, жеткізілді: - "Шұбаркөл Көмір" АҚ-ның "Северная" қосалқы станциясы үшін ТДТН-16000/110 кВ трансформаторы; - "Алюминий Қазақстан" АҚ-ның жылу электр орталығына арналған ТДЦ-125000/110 кВ трансформаторы; - "Қазхром" ТҰК" АҚ және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр жабдықтарының резерві үшін ГПП 110/10 кВ кернеуі трансформаторлар; - Ақсу ферроқорытпа зауытының қосалқы станциясы үшін ТДЦН – 80000/110 кВ трансформаторы;…
    Digital Almaty форумында Asia Trafo мамандары мен Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдарының бірлескен жобасы ұсынылды. Бизнес өкілдерін, халықаралық сарапшыларды, IT-қоғамдастықты, мемлекеттік органдар мен БАҚ-ды біріктірген халықаралық форум 2023 жылғы 2-3 ақпанда өтті. Пікірталастың басты тақырыбы - инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болды. Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдары мен «Asia Trafo» ЖШС инженерлер трансформаторлар өндірісі бойынша қазақстандық ірі зауыттың өндірістік базасында іске асырылған «Трансформаторларды есептеу мен дайындаудың клиентке бағдарланған кешенді автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу» жобасының нәтижелерін ұсынды. Әзірленген автоматтандырылған…

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2025 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»