Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Alageum Electric компаниялар тобы мемлекеттік тілді қолдау мақсатында Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге көлемінде жарна аударды. Компания 2024 жылы алғашқылардың бірі болып эндаумент қорына дәл осындай сомада қаражат бөлген болатын. Осылайша, Alageum Electric компаниясының мемлекеттік тілді дамытуға бағыттаған жалпы салымы 200 миллион теңгені құрады. Бұл қадам – мемлекеттік тілге деген құрметтің ғана емес, сонымен бірге Qazaq Tili Endowment қорының ашық әрі тиімді жұмысына, оның ұзақмерзімді даму моделіне деген сенімнің көрінісі. Атап айтсақ, Qazaq Tili Endowment қорына…
    Астанада өткен «Әділет» партиясының II Съезі аясында Alageum Electric компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдолла Қожабаев сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол мемлекет, бизнес және қоғамның күш-жігерін әділдік, жасампаз еңбек және ел болашағына жауапкершілік сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Әділдік, патриотизм, заңдылық, адал еңбек, жауапкершілік және тең мүмкіндіктер қағидаттарына негізделген «Әділет» партиясы бүгінде азаматтарды Әділетті Қазақстан құру идеясы төңірегіне топтастырып отыр. Бұл құндылықтар тұрақты экономикалық дамуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделі бизнес қауымдастық тарапынан…
    5 маусымда бүкіл әлемде Қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен экологиялық жауапты технологияларды енгізудің маңыздылығын еске салады. Тұрақты дамуға өз үлесін Alageum Electric компаниялар тобы да қосуда. Кентау трансформатор зауытының инженерлері «Alageum Engineering» ҒТO мамандарымен бірлесіп, Қазақстанда алғаш рет еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жаңа буындағы EcoDesign 2 энергия үнемдейтін трансформаторларын өндіруді игеруде. EcoDesign 2 трансформаторлары жылу алмасудың жақсартылған жүйесімен, шу деңгейінің төмендігімен және бос жүріс пен қысқа тұйықталу кезіндегі шығындардың азайтылуымен ерекшеленеді. Бұл…
    «Alageum Electric» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов жоғары мемлекеттік марапат – «Құрмет» орденімен наградталды. Салтанатты рәсімде марапатты Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Бұл марапат – оның отандық энергетика саласын дамытуға, сондай-ақ Шымкент қаласының индустриялық әлеуетін арттыруға қосқан үлесіне берілген лайықты баға. Компания жүзеге асырып жатқан жобалар өңірдің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және қаланың экономикалық дамуына нақты ықпал етуде. Сонымен қатар Еркебұлан Ілиясов Еуразиялық үкіметаралық кеңесті (ЕҮК) және Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумын…
    «Ғылым және білім эндаумент-қоры» корпоративтік нысаналы капитал қоры эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін сенімгерлік басқару үшін басқарушы компанияны (фидуциарийді) іріктеу бойынша ашық конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Заңына, сондай-ақ Қордың ішкі құжаттарына сәйкес өткізіледі. 1. Конкурстың нысанасы Конкурстың нысанасы «Ғылым және білім эндаумент-қоры» корпоративтік нысаналы капитал қорының эндаумент-қорының (нысаналы капиталының) активтерін сенімгерлік басқару үшін басқарушы компанияны (фидуциарийді) айқындау болып табылады. Сенімгерлік басқаруға берілетін активтердің болжамды көлемі: 2 млрд теңге. Сенімгерлік басқару мерзімі: мерзімсіз.…
    Страница 1 из 45

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2026 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»