Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Digital Almaty форумында Asia Trafo мамандары мен Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдарының бірлескен жобасы ұсынылды. Бизнес өкілдерін, халықаралық сарапшыларды, IT-қоғамдастықты, мемлекеттік органдар мен БАҚ-ды біріктірген халықаралық форум 2023 жылғы 2-3 ақпанда өтті. Пікірталастың басты тақырыбы - инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болды. Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ ғалымдары мен «Asia Trafo» ЖШС инженерлер трансформаторлар өндірісі бойынша қазақстандық ірі зауыттың өндірістік базасында іске асырылған «Трансформаторларды есептеу мен дайындаудың клиентке бағдарланған кешенді автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу» жобасының нәтижелерін ұсынды. Әзірленген автоматтандырылған…
    Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. Алты ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды. «Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы болып «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ілиясов сайланды. «Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Ұлттық спорт түрлері - халықтың тарихын бейнелейтін біздің рухани байлығымыз. Жамбы ату спортының Қазақстанда ғана емес, әлемде де жаңғырту және дамыту үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Еркебұлан Ілиясов.…
    «Электромонтаж» АҚ («ЭЛМО») Қарағанды облысы Саран қаласының жаңа индустриялық аймағын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы бойынша келесі жұмыстар орындалды: - кернеуі 10 кВ 7 тарату пункті (ТП) орнатылды; - 10 кВ кабельдік эстакада салынды; - ұзындығы 40 км 10 кВ кабельдік желіні монтаждау-төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар одан әрі жалғасуда. «Электромонтаж» АҚ («ЭЛМО» АҚ) 80 жылдан астам Қазақстанда ірі электрмонтаж ұйымдарының бірі болып табылады және кез-келген қиындықтағы электр қондырғыларының құрылысын…
    Сейсенбі, 17 Қаңтар 2023 11:05

    Қазақстанда жасалған

    «Asia Trafo» трансформаторларының кезекті партиясы ТМД нарықтарына экспортқа жөнелтілді. Жабдық Ресей Федерациясының Борисоглебск қалалық электр желілерінің «Городская» қосалқы станциясына қызмет көрсететін болады. Қуаты 16 000 кВА трансформатор электр желілерінде кернеуді 35 кВ-тан 10 кВ-қа дейін түрлендіруге арналған. Тиімді жұмыс істеу үшін екі орамалы, үш фазалы трансформатор ауаның мәжбүрлі айналымымен салқындатылады, жүктеме кезінде қосқыштың позициялары реттеледі (RPN). Трансформатордың қызмет ету мерзімі – 30 жыл ішінде сенімді электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тапсырыс беруші жабдықтың жоғары сапасын, және бөлшектер мен компоненттерді тасымалдауға…
    Forbes Kazakhstan журналы қалыптасқан дәстүрге сай қаңтар айының шығарылымында жылдың үздік кәсіпкерін жариялайды. Редакция нұсқасы бойынша бұл жолы «Жыл бизнесмені» атағына «Alageum Electric» компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев лайық деп танылды 2022 жылы топ жылдық айналымды 407 миллион долларға жеткізіп, 40% өсім көрсетті және посткеңестік кеңістіктегі трансформаторлық жабдықтардың ең ірі өндірушісі болды. Сонымен қатар, компания Венгрияға электр жабдықтарын жеткізуді бастап, еуропалық нарыққа шықты. Толығырақ Forbes Қазақстан қаңтардағы нөмірінен оқыңыз.

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2024 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»