Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Шымкент қаласында мемлекеттік органдар, салалық компаниялар мен отандық өндірушілердің қатысуымен республикалық конференция өтті. Іс-шараны «Қазақстан электромашина жасаушыларының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – энергетикалық инфрақұрылымның тозуын шешу және алдағы уақытта тұрақты дамуға жағдай жасау. Конференция алаңы ретінде «Alageum Electric» қазақстандық компаниялар тобына кіретін, Орталық Азиядағы ең ірі трансформаторлар мен шунттаушы реакторлар өндірушісі – «Asia Trafo» зауыты таңдалды. Бұл холдинг 27 жылдан бері банкрот болған зауыттарды қайта жандандырып, жаңа өндірістер салып,…
    Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025 12:37

    Өндіріс батырлары: Ожан Оразбаев

    Оразбаев Ожан Қыпшақбайұлы - «ЭЛМО» АҚ Шымкент монтаждау басқармасының басқарушы директоры. Ол біздің командамызда 12 жылдан астам уақыт бойы табысты еңбек етіп келеді! Оның басшылығымен Астанадағы маңызды энергетикалық нысандарға кабель желілері тартылды: ? 2023 жылы - «Жұлдыз» қосалқы станциясына ? 2024 жылы - «Арай» қосалқы станциясына. Ожан Қыпшақбайұлының тәжірибесінде ондаған ірі жобалар бар: ? Алібекмола мен Қожасай кен орындарының кешенді газ өңдеуін біріктіру ? Атырау МӨЗ-дегі ароматты көмірсутектер өндіру кешені ? Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысы ? КС-2 компрессорлық станциясы ?…
    Айдарымыздың кейіпкері - Дмитрий Владимирович Ракитский 1973 жылдың 15 қаңтарында Алматы облысы, Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласында дүниеге келген. Үйленген, үш баласының әкесі. Бала кезінен техникаға ерекше қызығушылық танытып, 1995 жылы Алматы энергетикалық институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1998 жылы «KEGOC» АҚ-да АМЭС қуат жабдықтарын жөндейтін 3-разрядты электрслесарь ретінде бастады. Кейін «ПЭО «Байконурэнерго» МУК және басқа да ұйымдарда еңбек етіп, прорабтан өндірістік қызметтің директоры деңгейіне дейін көтерілді. 2013 жылдан бері «Электромонтаж» АҚ-да өндірістік бөлімнің жетекші маманы қызметін атқарып келеді.…
    11 сәуір күні Шымкент қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы жетекші кәсіпорындардың бірі әрі еліміздегі ең ірі трансформатор зауыты — Asia Trafo-ға барды. Зауыт жоғары кернеулі (110, 220, 500 кВ) қуатты майлы трансформаторлар мен автотрансформаторлар, сондай-ақ электр желілеріне арналған шунттаушы реакторлар өндіреді. Бұл — Қазақстанда осындай күрделі жабдықтар алғаш рет өндіріліп жатқан алғашқы кәсіпорын. Бұған дейін мұндай өнімдер шетелден ғана әкелінетін. Президент зауыттың жұмысымен танысып, инженерлермен және жас мамандармен кездесті. «Alageum Electric» компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев мемлекет басшысына компания…
    1 ақпан күні - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ, еліміздің ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты. Қауымдастық құрылтайшылары дауыс беру арқылы жаңа жарғы қабылдап, нәтижесінде «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Сайдоллаұлы Ілиясов бірауыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды. Бұған дейін бұл лауазымды Исламбек Салжанов атқарған. 2023 жылдан бастап Еркебұлан Ілиясов «Жамбы ату» федерациясын, ал 2024 жылдан бастап «Арқан тартыс» ұлттық спорт…

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2026 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»